Ахуал орталығының қызметі

Ахуал орталығының қызметі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында Ахуалдық орталық қызмет жасайды. Бұл орталық онлайн режимде сот істері туралы ақпараттарды тәулік бойына жинауға және талдауға мүмкіндік беретін, жергілікті соттардың қызметін бақылайтын бірыңғай жүйе.  

Жоғарғы сот ахуал орталығының көмегімен соттардың жұмысындағы ақауларды анықтап, оларды жою шараларын қабылдайды. Түсетін ақпараттар 4 бөлікке бөлінеді: республиканың барлық соттарының кеңсе жұмыстарын оның ішінде, жаңа корреспонденцияларды тіркеу, істер мен материалдардың автоматты түрде бөлінуін бақылайды; «Төрелік» бағдарламасының барлық серверлік компоненттерінің жұмысқа қабілеттілігін реттеп отырады; киберқауіптілікке уақтылы ықпал етіп, оның келешекте пайда болу қаупін алдын алады; республиканың барлық сот отырысы залдарындағы ахуалды қадағалап отырады. Сонымен бірге, сот отырыстарының уақытында басталуын және сот отырысында аудио-бейне құрылғының қолданылуын анықтауға арналған арнайы функционал жасақталған.

Ахуал орталығындағы шұғыл ақпараттар мониторларда көптеген кестелер және диаграммалар түрінде көрсетіледі. Осы мәліметтер негізінде сот өндірісімен байланысты әр түрлі жағдайларға талдау жүргізуге, тіпті қылмыс жасаған тұлғаның әлеуметтік портретін жасақтауға мүмкіндік бар.

Ахуалдық орталық сот төрелігін іске асыру сапасын, сот актілерінің «Төрелік» ақпараттық жүйесіне салуды, процестік мерзімді бақылау, аудио-бейне тіркеуді қолдану, сот процесінің уақытылы басталуын, сонымен қатар сот отырысы кезінде әдепсіз қылықты анықтау мақсатында ерекше көңіл бөледі.

Сол себептен Мұғалжар аудандық сотында осы талаптарды орындау мақсатында судьялар мен сот қызметкерлерімен сот төрелігін іске асыру, сот актілерін «Төрелік» ақпараттық жүйесіне уақытында енгізу, сот отырысын уақытында бастау қатаң бақылауға алынған.

 

К.Ж.Килбаева 

Мұғалжар аудандық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы

        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив