22 наурыз- Ұлыстың ұлы күні

22 наурыз- Ұлыстың ұлы күні

       Көпшілік қауым көктем мезгілін  жақсы көреді,көктем мезгілі сондай адмға жайма шуақ көңіл сыйлайды. Қар еріп ағаштар бүршік атып, жер ана көгерім, құстар ән салып ауылымзда төрт түлік малымыз өріске шығып.  Ел жұрт болып қуанып наурыз айын тойлауды бастап кетеміз Наурыз келді дегенше мереке келді десеңші. Наурыз айы қуаныштың  айы десек артық айтқан болмас едік себебі. Наурыз айы сондай бір ай бұл ай қуаныш пен мерекеге толы ай.

    Наурыз айын біз бір бірімізге алғыс айтумен бастаймыз. 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.

    Одан келе бері әйелдер қауымын қуанышқа бөлейтін  8-наурыз халық аралық әйелдер күні. Аналарымызға құрмет көрсетіліп жүздерін қуаныш ұяалатуға асығамыз Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

      Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан сал дәстүрлерінің бірі 14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Біреуге реніші бар адамдар бұл күні өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп көріседі. Сөйтіп, арадағы суық қарым-қатынастың жібі үзіліп, көрісу күні адамдар бір-бірімен қайта табысады. 
      Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы - 22 наурыз мерекесін қарсы алады. Наурыз мерекесімен құтықтап ұлыс оң болсын ақмол болсын деп тілегімізді білдіріп жатамыз.Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша «наурыз» бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді.

       Күн мен түннің теңеліп, жер ананы тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп,  қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.

       Наурыз мейрамы аясында міндетті түрде атқарылатын рәсімдер баршылық. Мәселен, наурыз көже дайындалады, Бұл күн жер-жерде киіз үйлер тігіліп, ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу, палуандар күресі тектес ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылады. Наурыз мейрамында әркім жылы шырай сезіне бастап, сағынышты көрісулерімен, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алады.

     Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын ағайын!


 Н.Тұркменбаев  

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының сот приставы                                                                                                                 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

8 пікір

  1. аватар
    Kami 13 января 2024 02:51

    I know this if off topic but I'm looking into starting my own weblog and was
    wondering what all is required to get set up? I'm assuming having a blog like yours would
    cost a pretty penny? I'm not very web smart so I'm not 100% positive.
    Any recommendations or advice would be greatly appreciated.
    Cheers

    Check out my site ... butenafine con o sin receta

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив