Сот  жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

Қазақстан Республикасының барлық соттарында «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды шақыру қағазы», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS-хабарлама» сервисі, «QR-code» жүйесі, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференц байланыс арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар енгізілген болатын. Сот саласында жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің негізгі мақсаты -  сот жариялылығын, халықтың сотқа деген қол жетімділігін арттыру болып табылады.

         Соттардағы жаңа ақпараттық технологияларды бірі бірыңғай терезе «Сот кабинеті» жұмыс жасайды. «Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келгені сотқа келіп әуре-сарсаңға түспей, ыңғайлы уақытта үйде немесе кеңседен шықпай онлайн режимде электронды түрде арыздарды, талап арыздарды, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сотпен шығарылған сот актілерімен танысуға мүмкіндіктері бар.

         Еліміздің барлық соттарында аудио-бейне жазба құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Барлық сот отырыс залдары түгел аудио-бейне жазбасының жаңа жүйелерімен жасақталған. Бұл жүйе жазылған ақпаратты бұрмалауға жол бермейді. Соттарда бейнеконференц байланысы арқылы сот төрелігін жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды. Демек, процесске  қатысушылар сот отырысы болып жатқан жерге қашықтықтан қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл тиісінше азаматтардың уақыты мен қаражаттарын үнемдеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар барлық іске қатысушыларды сот отырысының уақыты жөнінде телефондарына қысқа мәтінде «SMS-хабарлама» хабарламасы арқылы сотқа шақыртылады. Ол үшін арыз беруші, шағым беруші тұлғалар арыздарына өздерінің ұялы телефондарының нөмірлерін міндетті түрде жазулары қажет.

         Ал «QR-code» жүйесі арқылы кез-келген азаматтар керек ақпараттарын QR-code» жүйесі арқылы тез әрі оңай тауып, соттардың мекен-жайын, мемлекеттік баждың, процесстік шығындардың деректемелерін, соттардың сенім телефондарын және т.б. пайдалы ақпараттарын ала алады.

         Қорытындылай келе, сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар ашықтықты арттыруға, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдеуге үлкен септігін тигізеді.

 

О.Кулбатырова

Мұғалжар аудандық  сотының бас маман – сот отырысының хатшысы                                                                                          

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Charli 16 апреля 2024 14:03

    Unquestionably believe that which you stated.
    Your favorite justification seemed to be on the net
    the simplest thing to be aware of. I say to you, I certainly get
    annoyed while people consider worries that they plainly do not know about.
    You managed to hit the nail upon the top as well as defined out the whole thing without having side effect , people can take a signal.

    Will probably be back to get more. Thanks

    Here is my website ... Kelle

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив