Татуластыру рәсімдері – дауларды шешудегі пәрменді тәсіл

Татуластыру рәсімдері – дауларды шешудегі пәрменді тәсіл

 

Азаматтық-құқықтық саладағы даулар мен дауларды шешудің маңызды рәсімдерінің бірі-татуластыру рәсімдері болып табылады.

Бүгінгі таңда соттарда қоғамдағы жанжалды жағдайларды азайту мақсатында сотта да, соттан тыс тәртіпте де медиация қолданылып жүр.   

  Батыс Қазақстан облысы  соттарымен 2019 жылы 1776 азаматтық іс татуластыру рәсімдерімен аяқталған, оның ішінде 175 іс бойынша тараптар бітімгершілікке келіп, медиация тәртібімен 1581 іс қаралса, 20  іс партисипативтік рәсім тәртібімен  шешілген.

Ал, 2018 жылы осы мерзімде 1733 іс қысқартылған, оның ішінде 220-ы тараптардың  бітімгершілікке келісуімен, 1479-ы медиация тәртібімен қаралып, 34 іс партисипативтік рәсім тәртібімен шешілген. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда татуластыру рәсімдерімен аяқталған істер бойынша биылғы көрсеткіш 43-ке (2,4%) дейін көбейген.   

Батыс-Қазақстан облыстық соты медиацияның апелляциялық сатыдағы сот деңгейінде қолдануына бастамашылық жасады. Осылайша азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары әрбір жұма күні оларға апелляциялық тәртіпте қайта қарау үшін келіп түсетін істер бойынша бейбіт жолмен шешудің артықшылықтарын түсіндіреді.  

Сөйтіп, өткен жылы облыстық соттың судьялары 31 азаматтық істі татуластыру рәсімдерімен аяқтаған, оның ішінде 7 іс бойынша тараптар бітімгершілікке келіп, медиация тәртібімен 20 қаралған, 4  іс партисипативтік рәсім тәртібімен  шешілген.    

Жалпы, татуласу рәсімінің қолдану аясы өте кең, оны кез-келген азаматтық қарым-қатынастарды реттеу барысында қолдануға, уақыт пен қаражатты үнемдеуге және созбалаңға салынған дауларды шешуге арналған ең басты құрал ретінде пайдалы жағынан қолдануға тиімді екенін айтуға болады.

 

Б.Усагазиева               

БҚО Соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив