Оралда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Оралда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрағасы Слуқаным Қадралиева және «Шанс» кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-құқықтық және психологиялық қолдау көрсету орталығының өкілі Зауреш Қуатова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат отбасын қорғауға бағытталған және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ынтымақтастық шеңберінде бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыруға бағытталған.

Меморандумға қол қою барысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрағасы С.Кадралиева осы салада жұмыс істейтін барлық органдар мен ұйымдар арасындағы концептуалды өзара іс-қимылсыз балалардың мүдделерін қорғау, отбасы және отбасылық құндылықтарды нығайту мүмкін емес және бұл мақсаттарды тиімді жүзеге асыру үшін бірлескен күш қажет екендігін атап өтті.

Тараптар кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаудың жоқтығын және  құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмыстарды бірлесіп атқаруға мүдделілікті білдірді. Балалар үшін қолайлы тұрмыстық жағдай жасау, әлеуметтік-құқықтық және психологиялық көмек көрсету, тәрбие-профилактикалық жұмыстарды жақсарту, қылмыстық-құқықтық сипаттағы жазалар мен шараларды жүзеге асыру кезінде оңалту тәсілдерін қолдану, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында  жасөспірімдердің, сондай-ақ, олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүзеге асыру жөнінде келісімге келді.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив