Көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

 

        11.01.2020 жылы ҚК-ке өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

        Айта кететін жайт, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол бергені үшін тағайындалатын негізі жазамен қатар қосымша  жаза күшейтілді. Енді сотталғанға қосымша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалады.

         Жәнібек аудандық сотымен ҚК-тің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, сотталушы Н бұрын, яғни 17 қараша 2015 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сотының қаулысымен ӘҚТК-тің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған, 2017 жылғы 28 маусым күнгі     Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сотының үкімімен ҚК-тің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 68070 теңге айыппұл және қосымша 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған, дегенмен  азамат Н. түзелу жолына түспей 2020 жылғы қаңтар айында автокөлігін басқарып келе жатырған кезде полиция  қызметкерлері тоқтатып, тексеру барысында оның көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын және алкогольдік масаң күйде автокөлік жүргізіп келе жатқаны анықталған.

Сот отырысында сотталушы Н. кінәсін толықтай мойындады.

Сот, жаза тағайындағанда қылмыстық істің мән-жайларын, жасалған қылмыстың сипатын, сотталушының  жеке басын ескеріп,  11.01.2020 жылы ҚК-ке қолданысқа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, сотталушыға көлік құралын басқару құқығын өмір бойына айырумен 2 жыл 6 ай мерзімге  бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

А.Жамантаева

БҚО Жәнібек аудандық сотының төрағасы                                                                  

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив