Өзгерістер өмір талабынан туындап отыр

Өзгерістер өмір талабынан туындап отыр

 

Азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғау, заңдағы қайшылықтарды жою, заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу күтілуде. Соның бірі  Жоғарғы Соттың бастамашылығымен Азаматтық процестік кодекске жасалмақ.

Азаматтық процестік кодексті жаңғырту соттар жұмысының заманауи форматтарын енгізуге, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқартуға байланысты заманауи қажеттіліктен туындап отыр. Жоба бүгінде сот судьялары, заңгерлер тарапынан қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында үн қосып, жаңашылдыққа қатысты пікірін жолдаған әріптестердің бәрі азаматтық процесті оңтайландыру мәселесінің пісіп жетілгенін, судьяның процестегі рөлін түбегейлі өзгерту қажеттігін, сот ісіне қатысушылар жұмысының форматын енгізу маңызды екенін алға тартуда.

         Азаматтық процестік кодексте қарастырылып отырған өзгерістің бірі 126-бапқа қатысты орын алмақ. «Процестік мерзімдерді ұзарту және қалпына келтіру» тәртібін белгілейтін бұл баптың 4-бөлімінде «Өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арыз арыз иесіне өзінің құқықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған күннен бастап бір айдан кешіктірмей процестік әрекеттер жасалуға тиісті сотқа беріледі. Арыздың қаралатын уақыты мен орны туралы іске қатысатын адамдар хабарландырылады, алайда олардың кез келгенінің келмеуі арыздың қаралуына кедергі келтірмейді» деп дәйектелген.

         Жаңа заң жобасында осы бөлімге өзгеріс енгізу қарастырылып отыр. Соған орай, енді арыздың қаралатын уақыты мен орны тараптарға хабарланып қана қоймай, олардың сотқа пікір білдіруіне құқық беріледі. Процестік мерзімді ұзарту және қалпына келтіру туралы арызды сот он жұмыс күнінің ішінде қарап, шешуі керек. Істі қарау барысында судья тараптарды шақыру, шақырмау жағын өзі шешеді. Немесе арызды сот отырысын белгілеу арқылы қос тарапты қатыстыра отырып шешім қабылдайды. Ал сот тарапынан шақырту ала тұрып тараптардың сот отырысына келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Сондықтан, судья тараптардың қатысуынсыз-ақ істі таразылай алады.

         Мұндай өзгерістің енгізілуі тараптарға өз құқығын қорғап, өз уәжін айту мүмкіндігін қарастыруымен құнды. Яғни бұрынғыдай емес, енді процестік мерзімді ұзарту және қалпына келтіру туралы арыздарды қарауда екі жаққа да өз пікірін білдіруге болады. Бұл ең алдымен азаматтарға өз пікірінің бағалы екенін ұғындырады. Әрі соттың тараптар пікіріне назар аударатынына, көңіл бөлетініне көзін жеткізіп, сенімін нығайтады. Екіншіден, сот отырысы болмай тұрып тараптар пікірінің жиналуы шешімнің дәл, анық, әділетті шығуына кепіл болады.

         Бұл жобада сонымен бірге судьяға тараптармен істің мән-жайын талқылау және ресми өкіл – адвокат тағайындау құзыретін беру қарастырылған. Сонымен бірге, істі толық және уақытылы қарау үшін судьяға тараптар ұсынған дәлелдемелерінің негізділігін, шындыққа сәйкестігін тексеру бойынша шаралар қабылдау, тараптармен істің мән-жайын талқылау, дәлелдемелерді уақытылы және толы жинауға, оларды зерттеуге ықпал ету жүктелмек.

         Мұндай жаңашылдық азаматтардың сот әуресімен жүруіне тосқауыл қойып, өз талабының дер кезінде, әділетті қорғалуына кепілдік береді.

Бұл шара азаматтық процесті оңтайландыруға да айтарлықтай ықпалын тигізеді. Жалпы көптеген дамыған елдерде сот отырысына қатысудың орнына тараптардың жазбаша түсініктеме немесе айыптау беретіні бір арнаға түсірілген. Енді бұл тәжірибені қазақстандық сот жұмысына қолданудан ұтпасақ, ұтылмаймыз.

 

Сахипова М.

Орал қаласының №2 сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 3

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив