100 нақты қадамның 11 қадамы

100 нақты қадамның 11 қадамы

Ұсынылып отырған 100 нақты қадамның 11 қадамы сот саласына тікелей байланысты.  Олар:  азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру. Бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу; судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту; оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлу; судьялардың есеп беру тәртібін күшейту; барлық сот процестеріне бейне  және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу; алқабилдер соты қолданылатын салаларды кеңейту; адамның және азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді  қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету;  инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін құруды жүргізу; Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC Халықаралық арбитраждық  орталығын құру; Шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін Жоғарғы Сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру. Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту.

Еліміздің осы бес негізгі бағытын қамтып отырған Бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында құрылған Ұлт Көшбасшысының 100 нақты қадам жоспарының екінші бөлімі сот жүйесінің жұмысында алға қойған негізгі міндеттерін белгілейді. Яғни, құқықтық мемлекетіміздің сот жүйесі әрдайым жетілдіріліп, уақыттың жаңа талаптарына, мемлекеттік және қоғамдық көзқарастарға нақты жауап беріп отыруы тиіс. 

Еліміздің қолданыстағы заңнамаларын жіті қадағалап, кәсіби тұрғыда оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қазіргі таңда сот төрелігін жүзеге асыруда ат салысып келе жатқан қызметкерлердің алдындағы басты талап болып отыр.  Аталған бағытта бүгінгі күні азаматтық іс –жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ол құқықтық мемлекеттің қоғамында қызу талқыланып жатқаны анық. 

Басты мақсаты- соттың, сот процессіне қатысушылардың іс жүргізушілік әрекеттерін және уақыттарын үнемдеу.  Бірақ, істі осы тәртіппен қарау кезінде сот процестеріндегі сот ісін жүргізудің барлық талаптары, сонымен қатар азаматтық процестің негізгі қағидалары сақталуы тиіс.  Жеңілдетілген іс –жүргізу тәртібі азаматтық процесте өзінің мәні және мақсаты арқылы ерешеленеді.  Талапкерден түскен талап арыз өз кезегінде дауға түсетін даусыз талап болуға тиіс.  Осы тәртіппен іс қарау барысында тараптар сотқа шақырылмайды.  Дегенмен,  азаматтық құқықтық қатынастағы тең құқықтылық қағидасын сақтау мақсатында жауапкерге талап арызға ұсынылатын пікірін білдіру үшін белгілі мерзім ішінде уақыт беріледі. Жауапкер пікірі түскен –түспегеніне қарамастан сот істі кодексте айқындалған мерзім ішінде судья азаматтық істі мәні бойынша қарауы тиіс.  Кей жағдайларда заңға сәйкес талап арыз өндірісіне көшуі мүмкін.  

Жалпы алғанда,  азаматтық процестегі  жеңілдетілген іс –жүргізу өндірісі азаматтық іс-жүргізу заңнамасының және құқықтың дамуында еліміздің сот реформасында жүргізіліп жатқан мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін негізгі қадамдардың бірі болмақ.

Іс –жүргізу заңнамасындағы сот рәсімдерін оңтайландыру мәселелерінің бірі және Елбасының 100 нақты қадам жоспарында орын алған 20-қадамы - барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс. Бұл дегеніміз, сот отырыстарының заңға сәйкес тиісті тәртіппен жүргізілуін қадағалауға үлкен мүмкіндік береді, әсіресе оның ішінде жас судьяларға қатысты. 

Азаматтық іс –жүргізу заңнамасына сонымен қатар, дәлелдемелерді бағалау, сот актілерін даулау тәртіптері, мемлекеттік баждардың төлену және қайтарып беру тәртіптері, тараптардың тиісті түрде хабарландырылуға қатысты өзгерістер мен толықтырулар  енгізілді. Мәселен, сотқа жүгініп отырған талапкердің жауапкерге міндетті түрде талап арызды табыстауы да қарастырылған. Сондай –ақ талапкерден талап арызды қайтару және істі  қараусыз қалдыру туралы арыз түскен жағдайда, жауапкердің істі мәні бойынша қарауы кезінде пікірі талап етілмейді. Мұның барлығы сот процестерінің созбалаушылыққа салынбауына зор ықпалын тигізеді.

Сонымен жаңа азаматтық процестік кодекс мемлекеттің сот саласының жаңа белестеріне жетуіне мүмкіндік береді. Ол қазақстандық сот жүйесінің өзіндік қалыптасу, іздену, өсу жолы арқылы әлемдегі озық елдердің сот жүйесімен иық теңестіре қарыштап қадам басуының сатылары болып табылатыны анық.      

 

Есіл аудандық сотының

бас маман – сот отырысының хатшысы Е.Полат

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив