Соттар жұмысының заманауи форматтарын енгізудің маңызыдылығы мен артықшылықтары

Соттар жұмысының заманауи форматтарын енгізудің маңызыдылығы мен артықшылықтары

1995 жылдың 30 тамызында Республикалық Референдумда қабылданған  Ата Заңымыздың 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, өзінің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады.

Сот билігінің негізгі мақсаты –азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, істің толық және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

 «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сапалы сот жүйесін қалыптастыруға ерекше мән берілген.

Осы орайда, «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді.

Кейбір енгізілген толқтырулар мен өзгерістерге тоқтал кетсек, сот істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан босатылған, алайда тараптың уәжді өтінішхаты бойынша қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсете алады. Сондай-ақ, сотқа  оның ішінде өз бастамасы бойынша істің мән-жайларын тараптармен (тараппен) талқылауға, тараптардың құқықтық ұстанымдары мен дәлелдерін нақтылауға, іс бойынша дәлелдемелерді уақтылы және толық жинауға, оларды зерттеуге жәрдемдесуге, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де іс-әрекеттерді орындауға құқығы берілді.

Дау (жанжал) медиация тәртібімен реттелмеген жағдайда судья өзі сотта медиация жүргізу кезінде алған дәлелдемелерді, егер тарап бұған қарсы болмаған жағдайды қоспағанда, іс жүргізуінде іс жатқан судьяға ұсына алмайды.

Егер тараптар арасында татуластыру рәсімі шеңберінде жасалған келісімдердің шарттарында бірінші және апелляциялық саты соттарында талап қою талаптарының мөлшері ұлғайтылса не даудың нысанасы өзгертілсе, мемлекеттік бажды қосымша төлеу жүргізілмейді.

Сот, іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар сот талқылауы барысында материалдық және цифрлық ақпарат жеткізгіштері бар техникалық құралдарды соттың рұқсатымен пайдалануға құқылы.

Сот билігіндегі реформалар Қазақстандағы сот төрелігінің әлемдегі ең қолжетімді әрі жедел болуына мүмкіндік берді. Президентіміз Жолдауында сот саласына үлкен міндеттер қойылды. Осы алдыға қойылған міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына, сот саласының дамуына, азаматтардың сот саласына деген сенімін арттыруда барлық күш жігерімізді салып, жұмылып кірісуіміз қажет.

 

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы

А.Бабатов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив