Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров  жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысысының соттарында болып қайтты

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысысының соттарында болып қайтты

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров жұмыс бабындағы сапар аясында Батыс Қазақстан облыстық сотында, Орал қаласының қалалық және мамандандырылған соттарында болды, сондай-ақ Тасқала аудандық соты ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Соттар ұйымдарымен кездесулерде Н.Ахметзакиров сотқа келушілермен қарым-қатынас мәдениеті мен жоғары сервистік қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Ол қызмет көрсетудің жаңа форматы –ашықтыққа, шапшаңдық пен сапалылыққа көшу үшін сот қызметкерлерінің барлық күш-жігерді жұмылдыратынына сенім білдірді. Спикер келушілермен жүздесіп сөйлесу барысында олардың талап-тілектерін барынша мұқият тыңдауға және көрсетілетін сот қызметтерінің сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырды. Соттарға барғанда ол соттардың материалдық-техникалық жай-күйіне, оның ішінде ұйымдастыру техникасымен жарақтандырылуына айрықша назар аударды. Департамент басшысы сондай-ақ Тасқала аудандық сотының жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Бұдан кейін Наиль Ахметзакиров, облыстық сот төрағасы Бек Аметов пен Соттар әкімшісі Нұрлан Кажғанов жаңа құрылыстың залдары мен кабинеттерін көріп шықты. Қолайлы екі залды, АБТ және бейнеконференцбайланыстың жарақтандырылған жүйелерін, судьялар мен сот қызметкерлеріне арналған кабинеттерді, айдауыл, мұрағат кабинеттерін байқап көрді. Халыққа қызмет етудің заманауи стандарттары ескеріле отырып жабдықталған кең де жайлы фронт-офисте келушілер  «Сот кабинетінің» қызметтерін пайдалануға мүмкіндік алып отыр. Мұнда істердің қаралу кестесімен монитор орнатылған, қабырғада – медиация туралы заңдардан, Сот әдебі кодексінен үзінді көшірмелер, талап қою арыздарының үлгілері ілініп қойылған.

Қауіпсіздік нормаларының, сот ісін жүргізудің осы заманғы стандарттарына қойылатын талаптардың сақталуына, халықтың шағын топтары үшін нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған.

Нысанды таныстыра келе, Б.Аметов келушілер үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалып отырғанын атап өтті: өйткені қажетті мәліметтерді тез әрі толық көлемде тауып алу, құжаттарды жіберу, олардың қозғалысын, сот процесінің қашан және қайда болатынын айқын біліп отыру тұрғысынан бәрі де ашық әрі қолжетімді.

2-құрамды  Тасқала аудандық соты бұрын 1964 жылы салынған, жалпы алаңы152,8 шаршы метр ғимаратта орналасқан болатын.

Аудандық соттың жаңа ғимаратының құрылысын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру жергілікті билік органының қолдауымен 2018 жылы басталған еді. Жобада жалпы алаңы 770,7 шаршы метрден асатын жеке тұрған бірқабатты ғимарат салу көзделген-ді. Ғимарат тіршілікке және жұмысты ұйымдастыруға қажетті заманауи жүйелермен жабдықталған, олардың қатарында күзет және дабыл беру сигнализациясы, кәбілдік және телекоммуникациялық желілер, бейнебақылау бар.

Департамент басшысы судьялармен және Сот әкімшісі қызметкерлерімен кездесті, әңгімелесу барысында ол жұмыс жағдайларымен егжей-тегжейлі танысты, сот жүйесі қызметінің негізгі басымдық берілетін бағыттары туралы хабардар ете келіп, қойылған міндеттерді тиімді орындау үшін жұмысты жіті ұйымдастыру тұрғысынан бірқатар тапсырмалар берді.

Нақ сол күні Наиль Ахметзакиров Облыс әкімі Ғали Исқалиевпен кездесу өткізді. Департамент басшысы өңір соттарының инфрақұрылымдық дамуы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілу мәселелеріне лайықты көңіл бөліп отырғаны үшін жергілікті биліктің атына алғысын білдірді. Тараптар кездесу барысында халықтың  меморгандарға сенімін арттыруға арналған әкімшілендіру проблемаларын толығымен шешудің маңыздылығын  атап өтті.

 

Батыс Қазақстан  облыстық сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив