«Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

«Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ардагері, Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы, Қаз.ССР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері, әділет полковнигі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында туылған Ғалихан Айдынғалиұлы Бапаховқа мерей тойлық жасына орай «Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағына иеленді.

 Ғалихан Айдынғалиұлы, 1949 жылғы 20 наурызда Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылында дүниеге келген, еңбек жолын 1966 жылы  сол Ұзынкөл

ауылында ұстаз, тәрбиеші болып бастаған.  Әскери борышын Балтық Теңіз

Флотында өтеп келген соң, Алматы қаласында құрылыста жұмыс жасап, 1978

жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1978-1995 жылдар арасында Қаз.ССР Мемлекеттік қауіпсіздік органдарында әскери қызметте болды. 1995 жылғы қыркүйектен

2012 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  Әскери сот алқасының, қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының судьясы болып абыройлы қызмет атқарып, құрметті отставкаға

шықты.

 Ғ.А.Бапахов бірнеше мемлекеттік, ведомстволық, арнайы марапаттарға ие, облысымыздың, ауданның Қауіпсіздік органдарына,  Сот саласына кадрлар дайындауға, заңдылықты сақтау жағынан көп тәжірибелік көмек көрсетті.

 

Ә.Жамантаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив