МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР ӘДЕБІ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР ӘДЕБІ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.

Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Бұл туралы Елбасы «Қазақстан—2050» Стратегиясында «өте жоғары этика мен кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылады» деп атап көрсеткен болатын.

Сондықтан бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде.

Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызмет­шінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдар­дың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.

Елбасы Жолдауында: «Әр қызметкер іс жүзінде өзінің пайдалы екенін және керектігін ұдайы дәлелдеп отыруға тиіс» деді. Мемлекеттік қызметкер әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшы­лыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсе­туге талпыну қажет. Азаматтармен қарым-қатынас жасау кезінде өз ойын дұрыс және дәлелді түрде баяндау, сөйлеп отырған адамның сөзін бұзбай, азаматтың сұрақтарын мұқият тыңдау, әңгімелесушіге ізгі ниеттілік пен құрмет білдіру, толық кеңес беру және болуы мүмкін тәуекелдер туралы азамат­тарды хабарландыру, жасы үлкен адам­дарға, ардагерлерге, мүгедектерге ізгі ниет­пен қарау, оларға қажетті көмек­ті көрсетуі тиіс. Шағым түскен жағдайда мемлекеттік қызметкер туындаған мәселені жылдам шешу үшін бірден шаралар қабылдау және болашақта ұқсас жағдайлардың алдын алуы керек. Мұндай қарым-қатынас мемле­кеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құнды­лықтарын насихаттауы қажет. Жұмыстан тыс уақытта өз іс-әрекеті мен мінез-құлы­ғына жауапты екенін, ал кез-келген жағ­дайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатындығын есте сақтау қажет. Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшіге беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдайлардан аулақ болуы қажет. Жол қозғалысы ережесін бұзу, алкогольді мас күйде автомобиль басқару, сондай-ақ, жол полициясы қызметкер­леріне бағынбау өрескел әдеп бұзушылық болып табылады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші әлеуметтік желіні қолданған кезде интернет желісінің басқа қолдану­шыларымен әңгімелесуде сыпайылылық танытуы қажет, өз парақшасында құпия немесе жабық ақпаратты жарияламауы, қазіргі конституциялық құрылымды өзгер­туге, егемендіктен бас тартуға шақыратын қолданушыларды достар тізіміне қабылда­мауы тиіс.

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

Соттар әкімшісінің Персоналды басқару бөлім басшысы

Алтын Тажимбетова

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Jude 11 января 2024 19:45

    Greetings! This is my first comment here so I just wanted to give
    a quick shout out and say I truly enjoy reading your
    posts. Can you suggest any other blogs/websites/forums that go over the same topics?
    Thank you so much!

    Here is my website; prix du librax au Maroc

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив