Мемлекеттік қызметшілердің этикалық (әдептілік) нормаларының қалыптасуы

Мемлекеттік қызметшілердің этикалық (әдептілік) нормаларының қалыптасуы

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің  моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Қоғам, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне  жұмсайды, өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді. Мемлекеттік қызметшілер  өз қызметінде Қазақстан  Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға  тиіс. Қоғам адамдардың қауымдастығы болғаннан кейін мұнда адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, әр ортада белгілі бір этиканы сақтайды.

Этика дегеніміз - тәртіпті сақтау ережелері. Ол қоғамда белгілі бір нормаларға сай өмір сүретін қағидалардың жалпы жиынтығы. Ал бұл нормалар адамдардың мораль және адамгершілік қасиеттерінің болуымен тығыз байланысты. Мораль  және адамгершілік туралы ілім  этика (әдеп) болып табылады. Сондықтан этикет этика ілімінің  негізінде қалыптасқан,яғни  адамгершілік құндылықтарды  сақтай отырып, адамдардың бір-біріне нұқсан келтірмейтін қоғамда тәртіп сақтау ережелері қалыптасты. Белгілі бір тәртіпсіз өмір сүру  мүмкін емес, себебі егер қоғамда белгілі бір этика сақталмайтын болса адамдардың арасында қатынас хаосқа айналып кетуі мүмкін. Сондықтан әр қоғамда адамдардың тәртібін адами тұрғыда бақылайтын, теріс қылықтарды азайтатын белгілі бір нормалар жиынтығы құрылған. Мысалы үлкендерге құрмет көрсету ,қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, және т.б., Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әр түрлі. Этиканы қызмет бабында сақтау  өте маңызды мәнге ие болып табылады, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы басты назар аудартады. Мемлекеттік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен  жұмыс істейтіндіктен  аса үлкен дайындықпен  қызмет атқару тиіс. Қызмет орнында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу, анық әрі түсінікті жүйелі түрде сөйлей білу сияқты барлығы қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына және жалпы қабылданған этика жүйелеріне жатады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың  29 желтоқсандағы  № 153 «ҚР мемлекеттік әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің  қызметтік  әдеп қағидалары) бекітілген. Бұл Әдеп Кодексі мемлекеттік қызметшілердің  қызметте және күнделікті өмірде жүріс-тұрыстарының стандарттарын бекітті. Соның негізінде енді мемлекеттік органдарда этика бойынша арнайы уәкілдер белгілі жұмыстар атқарады. Әдеп кодексінің жаңа реакциясына сәйкес Әдеп жөнінде уәкіл енгізілген. Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарымен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, басқа да функцияларды  жүзеге асырады.

Еліміздің ертеңі, бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің  адамдық парасаты мен ар ождан және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет-халыққа қызмет» -деп Елбасы белгілеп берген  ұран аясында  елге деген адалдықтың ақ туын абыроймен ұстануымыз қажет.

 

Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының

кеңсе бас маманы                                                                                    

З.Кабдулина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив