Еңбек дауларының алдын алу шаралары жалғасуда

Еңбек дауларының алдын алу шаралары жалғасуда

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №2 сотының ұйымдастырумен медиация институтын дәріптеу, даудың соттан тыс шешілуінің ауқымын кеңейту мақсатында «Гидромаш-Орион-МЖБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек заңнамасын сақтауға бағытталған іс-шара өтті. Түсіндіру жұмыстарына сондай-ақ Еңбек инспекциясының мемлекеттік инспекторлары және облыстың кәсіподақ орталығының өкілдері қатысты.Орал қаласының №2 сотының татуластыру-судьясы Шынар Шайдиева ҚР Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылыпп отырған «Татуластыру: сотқа дейін, сотта», сонымен қатар еңбек ұжымдарындағы қақтығыстарды қысқартуға бағытталған «Еңбек дауларын және жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды алдын алу» пилоттық жобаларына тоқталды. Судья пилоттық жобаның мақсаты жеке даудың қаралуы және шешілуі соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпте кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен келісу комиссиясы тарапынан жүргізілетінін атап өтті.Кездесудің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар еңбек дауларын шешуде бірқатар нақты тиімді шаралар әзірлеу туралы келісті.

 

Ташимова О.

Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмыс бойынша жауапты маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив