«Еңбек дауларының және жария-құқықтық қарым-қатынастан туындайтын даулардың алдын алу»

«Еңбек дауларының және жария-құқықтық қарым-қатынастан туындайтын даулардың алдын алу»

Орал қаласының №2 сотында қаланың мекемелері мен кәсіподақтарымен кездесу ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараға еңбек дауларын қарауға мамандандырылған судьялар, «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аймақтық кәсіподақ бірлестігі төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов, Орал қаласының су арна жұмысшыларының кәсіподақ төрағасының орынбасары Талғат Қарасаев, Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Салтанат Сатыбаева,  «Батыс Су Арнасы» ЖШС-нің заңгері Талғат Ислямғалиев, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бас маманы Айдана Панфилова қатысты.

Судья Гүлмира Утепкалиева «Еңбек дауларының және жария-құқықтық қарым-қатынастан туындайтын даулардың алдын алу» пилоттық жобасы туралы баяндай отырып, жобаның мақсаты – кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен келісу комиссиясы арқылы жеке дауды қарау және шешу болып табылады, яғни еңбек дауын соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу екеніне тоқталды.

Б.Атауов сөз алып, кәсіподақ ұйымдарының негізгі міндеті қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылатынын ерекше атап өтті. «Бүгінгі таңда облыстың кәсіподақ қоғамы еңбек дауларын алдын-алуға көп көңіл бөледі. Мұның дәлелі - Кәсіподақ Орталығы базасында «Татуласу орталығының»  ашылуы, онда құқықтық және медиативтік көмек көрсетіледі.

Сот төрағасы А.Борамбаев мүдделі органдарды еңбек даулары мен жария-құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын дауларын соттан тыс немесе сотқа дейін шешуге, тараптардың келісіміне қол жеткізуге ықпалдастық танытып, дауды соттан тыс және сотқа дейін шешудің артықшылықтарын түсіндіруге шақырды.

Іс-шараға қатысушылар еңбек дауларын шешу мақсатында барлық тараптардың ынтымақтасып жұмыстануларының қажеттілігіне тоқтап, атап айтқанда, Кәсіподақтар орталығымен бірлесіп, ұжымдық орталықтарына еңбек заңнамасы мен еңбек дауларын алдын алу пилоттық жобасын түсіндіру бойынша жоспар құру ұсынылды.

 

Орал қаласының №2 соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив