Оралда Жобалық кеңсе өз жұмысын бастады

Оралда Жобалық кеңсе өз жұмысын бастады

«Сот жүйесінің 7 түйіні» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында жобалық кеңсе ашылды. Іс-шараның ашылу салтанатына облыстық сот төрағасы Бек Әметов, сот алқаларының төрағалары мен судьялар, облыстың Соттар Әкімшісінің басшысы мен қызметкерлері қатысты.

Кеңсенің таныстыру рәсімін Соттар Әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов жүргізді. Оның сөзінше, Жобалық кеңсе ашық кеңістік принципі бойынша құрылған, оның негізінде азаматтық заңнама бойынша(талдаулар, қорытулар), сондай-ақ, сот төрелігі мен сот қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жаңа идеялар мен ұсыныстар дайындалады.  Сонымен қатар, бұл жерде жобалар бойынша талқылаулар, сот судьялары мен мамандарына арналған семинар-тренингтер өткізілетін болады.

Жобалық кеңсе бағдарламалық мақсаттар мен жоспарларды жүзеге асыруға септігін тигізеді деп күтілуде.Сонымен қатар, жобалық кеңсе базасында сот қызметкерлерінің біліктілігін деңгейін арттыру бойынша оқыту өткізу қарастырылған.

Кеңсе барлық қажетті жиһаздармен, қажетті техникамен, стационарлық қосымшасы бар теледидармен және телефон желісімен жабдықталған.

Шара соңында облыстық сот төрағасы Бек Әметов қызметкерлерге Жобалық кеңсе аясында сот төрелігін жүзеге асырудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

 

 Қанатбаева Н.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз қызметінің маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив