Батыс Қазақстан облысы соттарында фронт-кеңселер ашылды

Батыс Қазақстан облысы соттарында фронт-кеңселер ашылды

Батыс Қазақстан мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты және Орал қаласының №2 соты халыққа қызмет көрсетудің қазіргі заманауи стандарттары ескерілген «OpenSpace» азаматтарға тосқауылсыз қызмет көрсету қағидатына толық көшті. 

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов «Үлгілі сот» бағдарламасының аясында іске қосылған жаңа фронт-кеңселердің жұмыстарымен танысты.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов, соттардың төрағалары, БҚО бойынша көлік департаментінің басшысы Абылай Қазбаев, Орал қаласының прокуроры Асан Нұрманов, БҚО бойынша Әділет департаментінің басшысы Аманжол Абдрахманов, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Есенжол Бердіғалиев, БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Нұрбол Ислямов, БҚО ІІД ЖПҚ  судьялар, заңгерлер мен медиаторлар қатысты.

Мұнда халықтың нақты сұраныстарының бағыты бойынша сот төрелігінің тиімділігін арттыру бойынша барлық ұйымдастырушылық мәселелер игерілуде. Фронт-офисте халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары бойынша атқару техникасымен жабдықталған. Мұнда медиаторлар, адвокаттарға арналған бөлімше  жасақталған.

Кеңсенің көп бөлігін ашық кеңістік құрайды, оның іші «кедергісіз қағидат» бойынша көзге жайлы көгілдір-ақ түстегі хай-тек стилінде безендірілді. Бұлайша рәсімдеу сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

 

 

 Қанатбаева Н.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз қызметінің маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив