СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІК ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІК ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері жұмыс сапарымен 24-26 сәуір аралығында Көкпекті ауданына келіп қайтты. Жұмыс тобының құрамында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің мамандары Асқар Арыстан, Гүлнұр Бекбаева, Медет Айдаров және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Рауан Слямхан болды. Жемқорлық бүгінгі күннің басты мәселесі. Сондықтан, онымен күресті кешенді түрде жүргізген абзал. Оның ішінде жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған бүгінгідей танымдық, насихаттық іс-шараларды көптеп ұйымдастыру нәтиже беретіні сөзсіз.

Ұйымдастырылып отырған шараның негізгі мақсаты – халыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын таныстыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, яғни тұрғындарды жемқорлық әрекеттеріне жол бермеуге шақыру, пара беру немесе алу әрекеттері орын алған жағдайда, құқық бұзғандарға қандай жазалар қолданылатындығын түсіндіру болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Мобильді топ өкілдері бағдарлама бойынша аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жиналыс өткізді.  Жиын барысында  2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, 2018 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Ұлттық баяндамамен таныстыру, «Шығыс – Адалдық алаңы», «Қоғамдық бақылау картасы» жобаларының жүзеге асырылу барысы сияқты сұрақтар қарастырылды. Департамент қызметкерлерімен барлығы 50ден аса кездесу өткізілді. Бұдан соң мобильдік топ мүшелері ауданның ауылдық округтеріне арнайы барып, тұрғындармен кездесті.  Қазынашылық басқармасы, қорғаныс істері бөлімінің мамандарымен, халыққа қызмет көрсету, аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізді. Ауданның төрт кәсіпкерімен бизнес пен инвестицияны сыбайлас жемқорлықтан қорғау туралы келісім жасалды.

Шара барысында мобилдік топ мүшелері сыбайлас жемқорлықтың мемлекет үшін де, қоғам үшін де аса қауіпті дерт екенін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты қолдауға шақырды.

Бұдан басқа, мобилді топ білім беру мекемелерінде ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 63 бабына сәйкес, жалпы білім беру мекемелерінде оқушылардан және педагогтардан ақша жинауға тиым салынатындығы туралы ақпарат берді. Ал ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оған дәлелді жауаптарын ала алды.

 

 

МҚІСЖҚА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің

 баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив