Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда еңбек ұжымдарының рөлі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда еңбек ұжымдарының рөлі

Бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда еңбек ұжымдарының рөлі» тақырыбында мәжілісі өтті. Мәжіліс қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспар аясында өткізілді.

Кездесудің мақсаты еңбек ұжымында кез-келген сыбайлас жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ, салалық кәсіподақ ұйымдарын кәсіпорындарда және ұйымдарда сыбайлас жемқорлық қауіптерін талдауға қатыстыру болды.

Еңбек ұжымдарындағы өзекті мәселелердің бірі мамандарды басқаруда, сондай-ақ, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында өзара қарым-қатынас мәселелерінде сыбайлас жемқорлық қатерін тудыратын құқықтық кемшіліктер болып табылады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, жұмысшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді алу және мемлекеттік сатып алуға қатысу үрдістерін жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

 

Астана қ. Кәсіподақ орталығының

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив