Соттардың тергеу және анықтау органдары прокурорының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарауының кейбір мәселелері туралы

Соттардың тергеу және анықтау органдары прокурорының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарауының кейбір мәселелері туралы

Сот тергеуді бақылау институты 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап  Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық процестік кодексінің  қолданысқа енуіне байланысты құрылды. Жаңа құқық жүйесі қылмыстық қудалау органдарының іс жүргізу қызметінде адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың жаңа процессуалдық кепілдігін құруға мүмкіндік берді.                                                                    Мұндай кепілдіктердің қатарына жаңадан құрылған тергеу судьясының институты еніп отыр.                                                                            Қылмыстық процестегі сот бақылауы – бұл сотта тергеу органдарының, прокурордың, ЖІҚ шешімдері мен іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) тексеру және анықтаушы, прокурор, сондай-ақ жедел-іздестіру органдарының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатыларында жіберген қателіктері мен адам құқықтарының бұзылуын анықтау және жою жөнінде шаралар қабылдау.                                                                                 

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты өз жұмысын 2018 жылдың 31 шілдесінен бастаған болатын.

2018 жылдың бес айында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына ҚПК - нің 106-бабы тәртібінде 520 шағым келіп түсті, оның 115-і қанағаттандырылды, 213-і қанағаттандырылусыз қалдырылды, қалғандары қараусыз қайтарылды. (Салыстырмалы түрде: 2016 жылы 168 шағым, 2017 жылы 354 шағым түсті, көрсетілген жылдары шағымдардың 82% қанағаттандырусыз қалдырылған). Қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдарын қарау тергеу соты қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Тергеу сотының 5 айдағы жұмысы қылмыстық процестің қорғаушылары мен басқа да қатысушылары өздерінің сот арқылы қорғалу құқығын белсенді пайдаланатынын және ҚПК-нің 106-бабының тәртібінде қылмыстық қудалау және прокуратура органдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдар беретінін көрсетті. 

Тиісінше, мұндай шағымдарды қарау сот практикасын қалыптастырады. Түсу динамикасы қарауға түскен шағымдардың санының өсу үрдісін көрсетеді. Құқық қорғау органдарының барлық орталық бөлімшелері орналасқан елордада жұмыс істей отырып, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарының, оның ішінде Бас прокуратураның жазбаша жауаптарына қорғау тарапының шағымдарға ерекше назар аудару қажет деп санаймыз. Мұндай жауаптарға шағымдар жиі кездеседі.Бас прокуратураның жауабымен келіспеген жағдайда оның жауабын ҚПК-нің 106-бабының тәртібінде сотқа шағымдануға болады. Прокурордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымдардың жоғары тұрған прокурорға берілгенін бекітетін норманы прокурор істі тексеруді өзі жүзеге асырған жағдайда қолдану қажет деп санаймыз. Мысалы, нақты қылмыстық істі тергеуге жоғары тұрған прокурордың келісімін алған арнайы прокурор немесе аудан прокуроры жүзеге асырады. Мұндай жағдайда прокурор сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам ролінде болады, ал оның шешімдері мен әрекеттеріне шағым жоғары тұрған прокурорға берілуі мүмкін.

Осылайша, Бас прокуратураның, құқық қорғау органдарының орталық және облыстық аппараттарының заң бойынша азаматтардың өтініштерін қарау тәртібімен қаралған жауаптары тергеу сотына шағымдануға жатпайды. ҚПК-нің 105 және 106-баптарының қолданылу аясын ажырату өте маңызды.    

Құқық қорғау органдарының орталық және облыстық аппараттары аудандық бөлімшелерде тергелетін нақты істер бойынша қылмыстық процеске қатысушылар болып табылмайтындықтан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша олардың жауаптары ҚПК-нің 106-бабы тәртібінде шағым жасау нысаны бола алмайды, оның ішінде мұндай жауаптар қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтындықтан іс жүргізу салдарларына әкеп соқпайды. ҚПК аясында қайда шағым жасаған дұрыс болады деген сұрақ туындайды?                      Тергеушінің әрекеттері мен шешімдеріне қадағалаушы прокурорға немесе қылмыстық істі тергеу орны бойынша тікелей сотқа шағым беруі қажет. Қадағалаушы прокурордың қаулысына шағым тек сотқа ҚПК-нің 106-бабы бойынша беріледі. Сот актісімен келіспеген жағдайда, оны жоғары тұрған сатыға шағымдануға болады. Қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымданудың одан әрі тәртібі ҚПК-де көзделмеген. Осы тәжірибені әзірлеу елеулі түзетулер енгізеді, өйткені тергеу соты құқық қорғау органдарының орталық аппараттарының жазбаша жауаптарына шағымдарды мәні бойынша қарауды тоқтатады. Бұл ереже орталық және облыстық аппараттар қылмыстық істерді дербес тексеретін жағдайларға қатысты емес. 

Дұрыс сот практикасын қалыптастыру шағымдарды қарау кезінде сөзбұйдаға салуды қысқарту түрінде оң қорытынды алуға мүмкіндік береді, ал азаматтар тергеу сотында шағымдануға жататын нақты түсінікке ие болады және бұзылған құқықтарды тез арада қалпына келтіруге дұрыс шаралар қолданылады.    Жоғарғы Сот Төрағасы Ж. Асанов сот жүйесінің 7 тасы туралы өз сөзінде тергеу судьяларының жұмысына жеке тоқталып өтті. Атап айтқанда, тергеу соттары сотқа дейінгі сатыда тиісті сот бақылауын қамтамасыз етуге міндетті екендігі көрсетілді.                                                                   Осыған байланысты, сот жүйесінің имиджін жақсарту және тиісті сот бақылауын қамтамасыз ету мақсатында тергеу судьяларының жұмысындағы мынадай сәттерге назар аударғым келеді.                                                                 

Жоғары тұрған инстанцияларға кейіннен шағымдану ҚПК шеңберінде емес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін реттейтін заңнама тәртібінде болады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы процестің нақты қатысушыларын анықтайды. Оларға: сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам, ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын анықтау органының немесе тергеу бөлімінің бастығы, іс бойынша қадағалауды жүзеге асыратын прокурор жатады. Осы тұлғалардың іс-әрекеттері процеске қатысушылардың құқықтарын қозғауы мүмкін, тиісінше олардың іс-әрекеттері ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен шағымдануға жатады. Прокурордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымдардың жоғары тұрған прокурорға берілгенін бекітетін норманы прокурор істі тексеруді өзі жүзеге асырған жағдайда қолдану қажет деп санаймыз.

Нақты қылмыстық іс бойынша облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, сондай-ақ Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеу органы не қадағалаушы прокурор атынан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процеске қатысушылар болып табылмайды.

Осыған байланысты, аталған ведомстволардың бұл нақты істер бойынша жазбаша жауаптары ҚПК-нің нормалар бойынша шағымдануға жатпайды деп санаймыз. Мұндай жағдайларда олардың жауаптары процеске қатысушылардың мүдделерін қозғамайды, олардың құқықтарын шектемейді, сондай-ақ бұзушылықтар болған кезде олар тиісті қаулылар немесе нұсқаулар шығару арқылы азаматтардың құқықтарын дербес қалпына келтіре алмайды.        Қылмыстық процеске кіру үшін оларға қатысушының іс жүргізу мәртебесін алуы қажет, мысалы, өз іс жүргізуіне қабылдау не қадағаланушылықты өзгерту. Онсыз, олардың іс-әрекеттері заңсыз болады. Процеске қатысушылардың шағымдарын облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар, сондай-ақ Бас прокуратура төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға бағыныстылығын белгілейтін "Прокуратура туралы", сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мекемелерде азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңдар тәртібімен қарайды. Өтініштер қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралмағандықтан, тиісінше бұл өтініштерге жауаптар ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен қаралмайды.                      

Тергеу сотының сот отырыстарына Бас прокуратураның қызметкерлері қатыса алады, олардың өкілеттігі тиісті құжаттармен расталуы тиіс пайымдаймыз.    Сот отырысына тиісті өкілеттіксіз қатысу аталған адамдардың өз міндеттерін сот отырысында үстірт және сапасыз жүзеге асыруына әкеп соғуы мүмкін.     Тергеу судьясына қарсылық білдіру туралы арыздарды қарау тәртібін де түсіндіру қажет. ҚПК-де санкциялық материалдарды қарау кезінде тергеу судьясының қарсылық білдіруін қарау тәртібі ғана регламенттелген. ҚПК-нің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес бұлтартпау шарасын қолдану немесе тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтінішті шешетін тергеу судьясына мәлімдеген қарсылық білдіруді осы тергеу судьясы қаулы шығара отырып, жеке-дара шешеді. Бұл тәртіпті шағымды ҚПК-нің 106- тәртібінде қарау кезінде де қолдануға болады деп есептейміз. Судьяға сенімсіздік білдіру құқығы процестің әрбір қатысушысында болуы тиіс.

Сонымен қатар, шағымды 10 тәулік ішінде қараудың қысқа мерзімін ескере отырып, қарсылық білдіру өтініші жеке шағымды қарау үшін сөзбұйдаға салу құралы болуы мүмкін. Мысалы, сот отырысы барысында азаматтардың құқықтарының бұзылуы анықталған жағдайда тергеуші немесе прокурор жеке қаулы шығаруды алдын ала болжай отырып, процесті созу мақсатында судьяға қарсылық білдіруді мәлімдей алады. Осылайша, шағымды қараудың іс жүргізу мерзімін бұзуға қол жеткізу. Судья қарсылық білдіруге өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда, мұндай шешіммен келіспеу жеке шағымда дәлелдердің бірі ретінде көрсетілуі мүмкін. Қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдары бойынша процеске прокурордың қатысуының нысаны мен мақсаты неғұрлым егжей-тегжейлі регламенттеуді талап етеді. Егер іс бойынша қадағалауды жүзеге асыратын прокурор тергеушінің іс-әрекетіне жасалған шағымды алдын ала қарап, оны қанағаттандырудан бас тартса, бұл шағымды тергеу судьясы қарайды, онда прокурор міндетті түрде тергеу позициясын алады. Мұндай жағдайларда сот отырысында тең құқылық және тиісті жарыспалылық жоқ, өйткені прокурор тергеушімен бірге өтініш берушіге қарсы тұра бастайды. Прокурор процестің қорытындылары бойынша қорытынды беру мақсатында қатысады деп есептеледі. Мұндай нысан ҚПК-де және нормативтік қаулыда жазылмаған. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тергеу бөлімшелерінің әрекетіне шағымданған жағдайда, осы ведомствоның сот департаментінен өкілдің қатысуын ұсынамыз. Тергеу судьялары өкілеттіктерін жүзеге асыруға байланысты проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстар ұсынамыз: Анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңінде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін берілуі мүмкін екендігі туралы түсіндіру қажет. Сонымен, ҚПК-нің 55-бабына сәйкес тергеу судьясы өз өкілеттіктерін жүзеге асырады, оның ішінде анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды сотқа дейінгі іс жүргізу барысында

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы процестің нақты қатысушыларын анықтайды. Оларға: сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам, ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын анықтау органының немесе тергеу бөлімінің бастығы, іс бойынша қадағалауды жүзеге асыратын прокурор жатады. Осы тұлғалардың іс-әрекеттері процеске қатысушылардың құқықтарын қозғауы мүмкін, тиісінше олардың іс-әрекеттері ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен шағымдануға жатады.

Мысалы, өтініш беруші тергеушінің іс-әрекетіне қадағалаушы прокурорға, әдетте, аудандық прокурорға шағымданады. Кейіннен, аудандық прокуратураның жауапымен келіспеген жағдайда оның шешіміне жоғары тұрған прокурорға шағымданады.                                                        Жоғары тұрған прокуратураның жауабымен келіспеген жағдайда, ол ҚПК-нің 106-бабының тәртібінде тергеу сотына шағымданады.                     Жоғары тұрған прокурордың шешіміне шағым беру ҚПК шеңберінде емес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін реттейтін заңнама тәртібінде, прокурор істі тергеуді өзі жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда жүргізіледі.                                                                                          Осы сот тәжірибесін түсіндіру сотқа шағымдардың санын қысқартады.

Біздің ойымызша, өзге де әрекеттер деп қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинауға және тексеруге бағытталған қылмыстық іс жүргізу заңымен қарастырылған және процессуалдық регламенттелген тергеу әрекеттері мен іс-әрекеттері түсініледі.  Осы бөлікте түсіндіру шағымдану шегі мен мәнін шектеуге мүмкіндік береді. 

Қылмыстық істерді қысқарту туралы шешімдерге шағымдану мерзімдері бойынша түсінік беру қажет.

ҚПК-нің 106-бабының 5-бөлігіне сәйкес шағым шешіммен танысқан күннен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы хабарламасын алғаннан кейін сол мерзімде немесе егер оған жауап алынбаса, прокурорға шағым берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап сотқа берілуі мүмкін.

ҚПК-нің 102-бабына сәйкес қылмыстық істі сотқа дейінгі сатыда қысқарту туралы шешімге шағым қылмыстық қудалау органының тиісті қаулысы шығарылған немесе оны прокурор бекіткен сәттен бастап бір жыл ішінде берілуі мүмкін. ҚПК-і бір жыл ішінде қысқарту туралы шешімге шағымдану құқығын көздейді, ал ҚПК-нің 106-бабында шағымдану үшін он бес тәулік алдын ала мерзім белгіленген. Қайшылықтарды жою және бүкіл республика бойынша бірыңғай практиканы белгілеу мақсатында нормативтік қаулыда істі қысқарту туралы шешімге шағым жасау бір жыл ішінде жүргізілетіндігін түсіндіру ұсынылады. Сотқа дейінгі тергеуді бастау және арыздар мен хабарламаларды тіркеу кезінде тергеу, анықтау органдарының және прокурордың іс-әрекеттері мен шешімдеріне

ҚПК аясында қайда шағым жасаған дұрыс болады деген сұрақ туындайды? Тергеушінің әрекеттері мен шешімдеріне қадағалаушы прокурорға немесе қылмыстық істі тергеу орны бойынша тікелей сотқа шағым беруі қажет. Қадағалаушы прокурордың қаулысына шағым тек сотқа ҚПК-нің 106-бабы бойынша беріледі. Сот актісімен келіспеген жағдайда, оны жоғары тұрған сатыға шағымдануға болады.                                                      Қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымданудың одан әрі тәртібі ҚПК-де көзделмеген. Осы тәжірибені әзірлеу елеулі түзетулер енгізеді, өйткені тергеу соты құқық қорғау органдарының орталық аппараттарының жазбаша жауаптарына шағымдарды мәні бойынша қарауды тоқтатады. Бұл ереже орталық және облыстық аппараттар қылмыстық істерді дербес тексеретін жағдайларға қатысты емес. Құқық қорғау және арнаулы органдардың орталық немесе облыстық ведомстволары қылмыстық істерді дербес тергейтін, ал прокуратура органдары іс бойынша тікелей қылмыстық іс жүргізу қадағалауын жүргізетін жағдайларда, олардың іс-әрекеттері қылмыстық процеске қатысушы ретінде ҚПК-нің 106-бабы бойынша сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Дұрыс сот практикасын қалыптастыру шағымдарды қарау кезінде сөзбұйдаға салуды қысқарту түрінде оң қорытынды алуға мүмкіндік береді, ал азаматтар тергеу сотында шағымдануға жататын нақты түсінікке ие болады және бұзылған құқықтарды тез арада қалпына келтіруге дұрыс шаралар қолданылады.

                                                                                                                                     

                                                                      

Т.Сырлыбаев Астана қаласының мамандандырылған

ауданаралық тергеу сотының судьясы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив