Мамандандырылған тергеу соты құрылды

Мамандандырылған тергеу соты құрылды

Өздеріңізге белгілі болғандай, «100 нақты қадам – қазіргі заманғы баршаға арналған мемлекет» Ұлт Жоспарының 22-қадамын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы №620 Жарлығымен Қазақстан Республикасының әр облысында (олар – 14) және Астана мен Алматы қалаларында мамандандырылған тергеу соты құрылды.

Жалпы кейінге көз салсақ, ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасында Тергеу судьясы институты 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік Кодексіне де сәйкес толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, «Тергеу судьясы» дара процестік тұлға ретінде анықталды.

Тергеу судьясы бірінші сатыдағы соттың судьясы, ол тұрақты судьялар қатарынан анықталады. Тергеу судьясы ретінде біліктілігі жоғары, жеткілікті жұмыс өтілі бар судья таңдалады және оның өкілеттігі әр жыл сайын сот төрағасының өкімімен бекітіліп отырады. Дегенмен, тергеу судьясы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес және қылмыстық құқық аясында судья өкілеттігін атқарады және сот әділдігін жүзеге асырады.

Яғни, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тұлғаның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерді атқарады.

Тергеу судьясының өкілеттігі Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік Кодексінің 55-бабында көзделген. Мәселен, тергеу судьясы сотқа дейінгі іс жүргізу барысында орын алған процестік әрекеттерді санкциялап, оларға рұқсат береді және де бұл әрекеттердің жүргізулінің заңдылығын тексереді.

Сонымен қатар, тергеу судьясына Кодекске 21.12.2017 жылы енгізілген толықтыруларға сәйкес, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді және оның мерзімдерін ұзартуды санкциялау, сондай-ақ адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімін ұзартуға, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісім беруге санкция беру құқықтары жүктелгені мәлім. Бұл мәселелер 2018 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Бұл ретте, тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізделген шешім шығару үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың және прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы қаулы етеді.

Сот практикасында туындаған мәселелер бойынша прокуратура, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, тергеу судьясының қызметін жандандырудың тетіктері сараланып, бірізді тәжірибе қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Жалпы алғанда, қоғам мен уақыттың талабына сәйкес жүргізіліп жатырған әрқилы реформаларды, соның ішінде тергеу судьясы, тергеу соты тұрғысындағы өзекті ерекшеліктерді – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу барысында заң талаптарының сақталуына, адамның Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеуге жол берілмеуіне бағытталған іс шаралар деп түсіну қажет.

Бұл орайда, Қазақстан Республикасының сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар  азаматтардың, қоғамның сотқа деген сенімінің артуына, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сот тарапынан халықаралық стандарттарға сай барынша қорғалуына кепіл беретіні айқын.

 

 

Жәнібек СЕЙТЖАПАРОВ

Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық сотының

тергеу судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив