Сот кабинеті

Сот кабинеті

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің жаңа саяси бағытында «Қазақстан – 2050» стратегиялық құжатында тәуелсіз, қуатты, дербес мәртебелі сот билігін орнықтырудың жаңа мақсаттары мен міндеттерін айқындаған.

Осыған байланысты, Елбасымыздың судьялардың VI съезінде берген тапсырмаларына орай азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Жоғарғы Соттың бастамасымен жергілікті соттардың интернет-ресурстарында «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті» электронды сервистері қосылды. Яғни, халқымыздың сотқа деген сенімін арттыру процесі жұмысын бастады.

Жалпы сот кабинеті – сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған бірыңғай терезе болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимде «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап арыздарды (арыздарды) беруге, хаттама көшірмесін алуға, арыздар жолдауға, сот отырысының хаттамаларына ескертпелер жазуға, өздеріне қажетті сот істерін іздестіруге, хабарлама қағаздарын, сотқа шақыру қағазын алуға толығымен мүмкіндіктері бар, онымен қатар шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері шектеусіз.

Сот кабинетіне электронды кіру үшін, электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет. ЭЦҚ-ны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. ЭЦҚ-арқылы үйде отырып, я болмаса жұмысыңызда отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсы www.sud.kz сайтына кіріп, өздеріңізге қажетті барлық мағлұтаттарды алуға болады.

Қазіргі уақытта Сот кабинеті ақпараттық қызметі iOS, Android және Windows Phone ұялы телефондарында жұмыс істейді. Бұл қызмет арқылы күнтізбе жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар процестің қатысушысыларына сот отырысы туралы ақпаратты көрсетеді. Осындай қызметтің нәтижесінде басқа соттарда тағайындалған істерге қатысатын адвокаттың жұмыс уақытын ескеруге, сондай-ақ адвокаттардың (қатысушылардың) басқа сотқа қатысуға байланысты сотты кейінге қалдыру туралы өтінішінің заңдылығын тексеруге мүмкіндік береді. Сот кабинетін пайдалану бойынша электронды-нұсқасынан ұялы телефоннан айырмашылығы, біріншіден Сот кабинетінің қызметін пайдалану туралы келісімге қол қойғаннан кейін тіркеу қызметін жүзеге асыру үшін ЖСН мен ұялы телефон нөмірін толтыру жеткілікті. Жаңалықтар қызметін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі болып  жатқан жаңалықтарды хронологиялық тәртіптен көре аласыздар. Сонымен қатар «Сот кабинеті», Сізге сотқа сенімхатты электронды түрде жіберуге мүмкіндік береді. Бұл қызмет «Электрондық сенімхат» бөлігі арқылы жүзеге асырылады. Тараптар өздерінің өкілдіктерін беру үшін нотариусқа жүгінбей, ғаламтар арқылы «сот кабинетіне» кіріп, электрондық цифрлық қолтаңба қою жеткілікті болып табылады. Сот кабинетінде электронды сенімхатты жасау үшін «Электрондық сенімхат» бөліміне кіру қажет, одан кейін «Сенімхат» бетінде, «Қосу» батырмасын басу арқылы Сіз сенімхаттың формасын толтырасыз, оның ішінде өкілдің деректерін толтыруыңыз қажет.

Мақаланы қортындылай келе, қазіргі уақытта сот органдары тарапынан халықтың дер кезінде ақпараттандырылуына толық жол ашылғандығы туралы айтуға болады деп есептеймін, себебі Қазақстанда ғана емес, әлемнің барлық елдерінде адамның заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайтын соттан басқа ешбір құрылым жоқ. Сот билігі, яғни оны жүзеге асырып отырған судья арқылы Қазақстан Республикасының атынан адамдар, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделері қорғалуда. Осыған орай, сот төрелігінің жұмысын жеңілдету және қарапайым халық пен мемлекеттік арасында жұмыс атқарылып жатыр. Судьялардың шығарылған сот актілеріне халықтың қол жетімділігі толығымен жүзеге асырылып жатыр деп айтуға болады.

 

А.Г.Шаяхметова

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы                                        

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив