«Сот жүйесінде ІТ-технологияларының қолданылуы»

«Сот жүйесінде ІТ-технологияларының қолданылуы»

ХХІ-ғасыр ІТ – технологияларының ғасыры деп айтсақ қателеспейміз, өйткені қазіргі таңда бұл прогрессивті технологиялары алдыңғы орнында көшбасшы болып отыр. Әр азамат осы технологияларды бүгінгі таңда қолдануды бастап, ал мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, зауыттар, білім орындары, медицина, банктер, жеке компаниялар және т.б. салалардағы ұйымдар осы көштен қалмауға тырысып оны қолға алып, бүгінгі таңда осымен жұмыс істеуде. Егер де біз осы серпіліске толығымен енбей бұл технологияны уақытылы меңгермесек, мемлекетіміздің дамуының артта қалуы қаупі болмақ. Сол себептен Елбасымыз осы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында айтып кеткен болатын. Қазіргі таңда әр азамат қолында тұрған смартфонмен NFC-төлеу арқылы  «MASTERCARD» немесе Қазақстандағы Банктер арқылы коммуналдық қызметтерге төлеп жатыр, бұл қызмет уақытты үнемдейді, яғни жұмыста, үйде немесе басқа алыс жерде отырып қолыңда тұрған смартфонмен өзіңе керекті қызметті төлеуге мүмкіншілік бар, сауда саттық дүкендерге барып алған заттарыңды смартфонға енгізілген ақша арқылы төлеуге болады, ол да әрине ІТ – технологияларының жетістігі.

         Ал сот жүйесін келетін болсақ, бұл технологияларды пайдалану бойынша үлкен реформалар жүргізіліп, бүгінгі таңда іске асырылуда. Бұл реформаның басты мақсаты халықтың сот жүйесіне деген сенімін жетілдіру. Сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін бүгінгі күннің талабы.  Кейінгі жылдары сот саласында кеңінен қолданыстағы «Сот кабинеті, «Төрелік», «Талдау форумы», «Ахуалдық орталық», АВФ,ВКС ақпараттық сервистері, электронды сенімхат, мемлекеттік баж салығын төлеу функциялары, «Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясындаҰлт жоспары – «100 нақты қадам» жобасы бойынша сот жүйесінде ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып өзінің мақсатына жетті деп айтсақ қателеспейміз.

      Елбасының тапсырмасына орай сот жүйесін дамыту, жаңғырту үшін ІТ технологиялар кеңінен қолданылып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен негізгі басымдықдарды анықталып, нақты мақсаттар қойылған. Сот саласындағы әрбір реформа азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғауға бағытталған» сол бүгінгі күнде негізгі мақсат болып отыр.

       Аталған технологиялардың дамуы жағынан жасыратыны жоқ көшбасшы ретінде АҚШ, Жапония мен Қытай халық республикасы болып отыр. Басқа шетел мемлекеттері де көштен қалмай осы технологияларды мемлекет тарапынан стратегиялық жоспар ретінде көздеп алғы басымдықтардың қатарына енгізіп дамытуда.

Мемлекеттердің даму рейтінгісі экономикалық жағынан бағаланады. Экономиканың дамуы үшін аграрлық, индустриялық базасы жоғары деңгейде болу міндет. Қазіргі таңда экономиканың дамуына жаңа көрсеткіш пайда болды ол ІТ-технологиялар. 21 ғасырда аталған технологиялар барлық салаларға еніп кеткенін барлығымыз білеміз, бұл банк секторы, агралық сектор, индустриялык сектор, байланыс ақпарат, қызмет көрсету,  айта берсен аталған бұл технологиялар барлық жақта қолданылуда.      

Қазақстанда Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялары қазіргі таңда күннен-күнге 10 шақырымдық қадамдармен алға жылжуда. Елбасымыз айтқандай дүние жүзінде бүгінгі таңда цифровизация үрдісі кең салаларды қамтып жатыр және барлық мемлекеттер осы даму жолын қолға алып басты мақсат ретінде іске асыруда, сол себептен біздің Қазақстан артта қалмай кең көлемде барлық дерлік саланы цифровизациялауды стратегия ретінде қолға алуда, соның бірі «Электронды сот төрелігі» болып отыр.

Сот төрелігі іс жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа сенімділігін нығайтатыны анық. Мысалы, қазірдің өзінде ақпараттық технологияны қолдана отырып, арызды беру және тіркеу сатысынан бастап заңды күшіне енген сот бұйрығын орындауға жолдауға дейінгі азаматтық істердің жаңа тәртіпте қаралуы қағазбастылықты қысқартуға, сот жүйесіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

Сот өндірісіне жаңа технологиялар енгізілуі сот процессін жеделдетіп, тез арада шешілуіне ықпал етеді, сот барысы туралы азаматтарды хабарландыру оңай жүреді, қағазбастылық азаяды, процессуалдық байланыстарды азайтады. Арыздар және өзге де құжаттар электронды форматта қабылданады, әрбір қазақстандық электронды кілт арқылы сот кабинетіне кіріп, өз ісін қашықтықта қадағалап отыра алады. Барлық шешімдер жарияланады, транспаренттік өте жоғары және әрбір азамат өзінің ісі қай кезеңде тұрғандығын көріп, сот тәжірибесімен, хаттамамен және сот шешімімен таныса алады. Сот процессінде дәлелдер бейне-байланыс арқылы да қаралып жатыр.  

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде қағазбастылықтан арылып, электронды сот өндірісіне көшуде. Бүгінгі заман талабына сәйкес еліміздің сот жүйесі саласында электронды сот төрелігін дамыту ісіне үлкен мән берілуде. Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бойынша көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінің жұмысының сапасы уақыт өткен сайын артып келеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның алдында 30-дамыған елдер қатарына кіру - айқындалған жаңа міндет бар. Сервистердің тағы бір түрі ретінде сот отырыстарын бейнеконференц байланыс арқылы қашықтықтан өткізу мүмкіндігін қарастыруға болады. Сервис халықтың шығынын азайтып, сот отырыстарын кейінге қалдырмай, шұғыл түрде қарауға мүмкіндік туғызады.

«Жаза тағайындау талдау сервисі» өз кезегінде қылмыстық істерді қарайтын соттарда енгізіліп, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің нормалары жинақталған бірегей жүйе жаза тағайындау барысында судьяларға автоматты түрде қолданыстағы заңнамамен сәйкессіздікті көрсетіп тұрады.

Оған қоса, «Электронды сенімхат», «Сыртқы бағалау сауалнамасы», «Сот бұйрықтарын шығару туралы талап қою арыздарын қараудың электронды түрі» және тағы да басқа жаңашылдықтар қызмет көрсетуде. Енді сотқа барудың қажеті жоқ, интернет желісіне қолжетімділік пен электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті». Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар сот төрелігінің тиімділігін арттырып, іс жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа сенімділігін нығайтатыны анық. Мысалы, қазірдің өзінде ақпараттық технологияны қолдана отырып, арызды беру және тіркеу сатысынан бастап заңды күшіне енген сот бұйрығын орындауға жолдауға дейінгі азаматтық істердің жаңа тәртіпте қаралуы қағазбастылықты қысқартуға, сот жүйесіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

Электронды сот өндірісін іске қосудың негізгі мақсаты тұрғындардың сотпен байланысын жеңілдету, олардың өздеріне қолайлы кез келген уақытта сот төрелігіне жүгінуіне жағдай туғызу, сот үрдісінің ашық, айқын жүзеге асып, заң үстемдігін орнату екені белгілі.

Бұл заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған, сондай-ақ қағазбастылықтан арылып, құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне соттардың қызметі туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

 

А.Турыстаева

Жуалы аудандық сотының кеңсесінің бас маманы сот отырысының хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив