«Сот кабинеті» және оның артықшылықтары

«Сот кабинеті» және оның артықшылықтары

 «Сот кабинеті» сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған терезесі.     Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында ҚР Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» электрондық форматын әзірледі. Бұл - сот құрылымында қолға алынған реформалардың заманауи, жаңа технологияның бірі.

«Сот кабинеті» - халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына толықтай қол жеткізуіне мақсатталып жасалған.  «Сот кабинеті» арқылы сотқа электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалап отыруға болады. Cонымен бірге азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген өзіне ыңғайлы уақытта үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимде «Сот кабинеті» интернет- сервисі арқылы электронды түрде талап арыздарды беруіне, сондай-ақ, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға мүмкіндігі бар.

Сот кабинетінің негізгі мақсаты – бүгінгі таңда азаматтарға және уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін қолдану барысын түсіндіру.

«Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады. «Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады.

«Сот кабинеті» интернет-сервисіне кіру үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық сандық қолтаңба қажет. «Сот кабинетінен» тіркелі рәсімінен өткеннен кейін бұл мүмкіндікті пайдаланушы талап арыздарды (өтініштерді), апелляциялық/жеке шағымды, кассациялық шағымды, сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхаттар мен сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз бере алады.

         Сонымен қатар, пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процессінің хаттамасына  ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы   арыз, сот актілерінің көшірмелерін (телнұсқасын) беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштер бере алады.

Пайдаланушы талапкер туралы деректерді (жеке немесе заңды тұлғалар үшін) және жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жауапкер туралы деректерді толтырады. Егер бірнеше адам талапкерлер немесе жауапкерлер болса, олардың әрқайсысы туралы ақпарат көрсетіледі.

«Сот кабинетінің» басты артықшылығы- арыз, өтініш, шағым және басқа да құжаттарды сотқа компьютер мен электрондық сандық қолтаңба  қолдана отырып, кез келген жерден, кез келген уақытта беру мүмкіндігі болып табылады. Арыз, өтініш және басқа да құжаттарды жіберген мезетте, арызданушы электронды түрде құжаттың жіберілеген уақыты мен күні туралы талонды алады. Сонымен қатар, сот отырысына қатысушы тұлғаның сот ісінің қаралу мерзімін бақылауға және аталған мерзімдер сақталмаған жағдайда ол туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының біріңғай call-ораталығына хабарласып мәлімдеу мүмкіндігі бар.

         «Төрелік», «Сот кабинеті» және сот отырыстаның аудио-бейне жазбасын біріктіру жүйесі соттың ашықтығын қамтамасыз етудің бір құралы болып табылады. Аталған жүйені енгізу сот жүргізі процессін толықтай ашық, айқын етеді және кез келген процессуалдық бұзушылықты жоққа шағарады.

         Қазіргі таңда азаматтардың арасында «Сот кабинеті» арқылы электрондық талап арыз беру кеңінен қолданылуда. Бұл «Сот кабинетінің» пайдаланушылар үшін өте қолайлы, әрі ыңғайлы екендігін көрсетеді.

Электрондық талап арызға құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса тіркеледі.

 «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мобильдік қосымша функционалының іске қосылғаны туралы ақпаратқа тоқтала кететін болсақ:

iOS мобильдік платформасындағы «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы- iOS, Android және Windows Phone мобильдік платформаларында «Сот кабинеті» мобильдік  қосымшасы сервистерінің интерфейстерін сипаттайды.

Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің «Сот кабинеті» веб нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін Сот кабинеті сервистерін қолдануға пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмерін көрсету жеткілікті. Пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөмеріне смс арқылы қосымшада авторлану үшін құпия сөз келеді.

«Сот кабинеті» сервисінің веб нұсқасы мен «Сот кабинеті» бағдарламасының мобильдік қосымшасы сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығын жетілдіре түседі. Халықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

 

Г.Ж. Кабыкенова

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив