«Сот кабинеті» сервисінің мобильді қосымшасы

«Сот кабинеті» сервисінің мобильді қосымшасы

Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында ҚР Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» электрондық форматын әзірледі. Бұл - сот құрылымында қолға алынған реформалардың заманауи, жаңа технологияның бірі. «Сот кабинеті» сот органдарының электронды түрде кіруге арналған терезесі.

«Сот кабинеті» - халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына толықтай қол жеткізуіне мақсатталып жасалған, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезе. «Сот кабинеті» арқылы сотқа электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалап отыруға болады. Cонымен бірге азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген өзіне ыңғайлы уақытта үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимде «Сот кабинеті» интернет- сервисі арқылы электронды түрде талап арыздарды беруіне, сондай-ақ, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға мүмкіндігі бар.

Сот кабинетінің негізгі мақсаты – бүгінгі таңда азаматтарға және уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін қолдану барысын түсіндіру. «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мобильдік қосымша функционалының іске қосылғаны туралы ақпаратқа тоқтала кететін болсақ:

iOS мобильдік платформасындағы «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы- iOS, Android және Windows Phone мобильдік платформаларында «Сот кабинеті» мобильдік  қосымшасы сервистерінің интерфейстерін сипаттайды.

Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің «Сот кабинеті» веб нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін Сот кабинеті сервистерін қолдануға пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмерін көрсету жеткілікті. Пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөмеріне смс арқылы қосымшада авторлану үшін құпия сөз келеді.

Сот кабинетінің мобильді қосымшасындағы сервистеріне жеке-жеке  сипаттама беретін болсақ. Жаңалықтар сервисі бұл - істерді қарау тізімдері сервисі, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын және уақытын) онлайн режимде табуға мүмкіндік береді. Тапсырылған құжаттар сервисі, қосымша пайдаланушысына мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына Сот кабинеті веб-сервисі арқылы жолданған барлық барлық құжаттарды көруге мүмкіндік береді. Хабарлау сервисі, пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, чат сервисі қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.

Басқа да айта кететін жай, осы сервисті пайдаланушыларға «көмек» көрсету бағыты енгізілген, сот кабинетімен жұмыс бойынша нұсқаулық, сот кабинетімен жұмыс жөніндегі анықтама, «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасының пайдаланушы нұсқаулығы және «Пайдалы сілтемелері» сервисі ұсынылған. «Сот кабинеті» веб-нұсқасымен «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасы жаңалықтар, істерді қарау тізімдері, тапсырылған құжаттар, хабарлаулар, сот процесі қатысушыларының күнтізбесі, жіберуді күтуде және чат сервистері үйлестірілген.

         Сонымен қатар, сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процессінің хаттамасына  ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы   арыз, сот актілерінің көшірмелерін (телнұсқасын) беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштер бере алады.

         Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Сот кабинеті» бағдарламасының мобильдік қосымшасы жұмыс істеуде. Бұл сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығын жетілдіре түседі. Жұртшылықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Қазақстан Республикасы Әскери сотының ақпараттық

технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив