Сот жүйесіндегі тиімді жобалар

Сот жүйесіндегі тиімді жобалар

Еліміздің ата заңына сәйкес билік үш тармаққа бөлінеді – олар заң шығарушы билік, атқарушы билік және де сот билігі болып табылады. Осы сот билігі биліктің басқа екі тармағы сияқты өте маңызды рөлге ие. Сот билігі қаншалықты тиімді, қолайлы, ашық және әділ болса сол елдің халқының билікке деген сенімі артып ынтымақтастықта өмір сүретін болады. Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері сот билігінің әділ әрі ашық болуы үшін көптеген жобалар жасалып жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде халықтың сотқа деген сенімі едәуір жоғарылады. Соңғы жылдардағы басты жаңалықтардың бірі болып жүрген тергеу судьясы мен медиация тәртібінде істерді қарау да өз жемісін беруде. Мәселен тергеу судьясы арқылы істерді қарап санкция беру, өз кезегінде бірнеше этаптарға бөліп қарастырсақ болады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тінту, алу, оқиға болған жерді қарап тексеру кезінде және де күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция алу кезінде ол туралы қаулы шығарып заңдылығын растау үшін прокурорға жібереді, прокурор өз кезегінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның іс-әрекетінің заңдылығын тексергеннен кейін, тергеу судьясы қарайтын болады. Тергеу судьясы өз кезегінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның белгілі бір тергеу әрекетіне немесе бұлтартпау шарасына сұрап отырған санкциясы қаншалықты заңды екенін тексеріп, конституция мен заңды басшылыққа ала отырып ол санкцияны қанағаттандырады немесе қанағаттандырудан бас тартады.

         Елімізде медиация тәртібінде татуласу заң шеңберінде бекітілгелі бері, жүздеген істер медиция арқылы татуласып өте тиімді жолмен шешіліп жатыр. Медиация тәртібінде татуласу жөнінде жоғарғы соттан бастап аудандық және оған теңестірілген соттарға дейін еліміздің барлық аймақтарында қызу талқыланып, әлі күнге дейін өзекті мәселелері көтеріліп шешу жолдары ұсынылып келеді. Медиация тәртібінде татуласы арнайы біліктілігі бар медиатордың қатысуымен өтетіндіктен дау-дамайдың орын алуы көп кездесе бермейді. Бір сөзбен айтқанда медиация арқылы татуласу тараптар үшін де сот үшін де өте тиімді, себебі сотта қаралатын істердің саны азайып, ал тараптар үшін сотқа жүгінбей-ақ дауды медиатор арқылы жылдам әрі шығынсыз шешуге болады.

         Жақында ел болып естіп жүргеніміздей Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Қажманұлы Асановтың бастамасымен «Сот жүйесінің 7 үлкен тасы» жобасы ақырындап жүзеге асырылуда. Бұл жобаны жеті маңызды стратегиялық бағыт ретінде қарастырсақ та болады. Бірінші бағыт ол «әділдік» бәріміз білетіндей бірдей қылмыстық құқық бұзушлық үшін неге бір адамды жазадан босатып, ал екінші адамның бас бостандығынан айырды деген сияқты әңгімелер халық арасында көп жүретіндіктен, мұндай әңгімелер орын алмас үшін және де сот жүйесінде тек қана әділдік орнауы үшін бағытталған. Екінші үлкен тас «жауаптылық және тәуелсіздік» болып табылады, яғни бұл дегеніміз судьялардың шешімдерінің төрағадан тәуелсіз болуға бағытталған. Үшінші үлкен тас ол «сот ісінің тиімділігі» болып табылады, яғни мұнда елімізде істердің сотта қаралуға қол жетімділігі сынға алынады, қаншалықты сотта іс аз қаралатын болса, соншалықты соттың тиімділігі артатын болады. Төртінші үлкен тас ол «әкімшілік әділет» болып табылады, мұнда басты назар заңды білмейтін тұлғаның мемлекеттік мекеменің білікті заңгерлерінің әрқашан ұтылып қалатындығы және тараптардың бәсекелестігі тең еместігін жою қаралған. Бесінші үлкен тас «тергеу судьясы» мұнда тергеу судьясының енді барлық санкция беретіні қаралып, сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығын қадағалап, оң ды сол ды санкция бермеуі қарастырылған. Алтыншы үлкен тас «судьялардың біліктілігі» мұнда судья болуға қойылатын талаптарды күшеуту мен сот актілерінің қарапайым халықты түсінікті болуы қарастырылған. Жетінші үлкен тас «цифрландыру» мұнда сот төрелігі IT-сервисі арқылы кедергісіз қол жетімді болуы және сот ісін жүргізуді автоманттандырып әлемдік тәжірбиені қолдану қарастырылған.

         Елімізде жол ережесінің көптеп бұзылуына байланысты және де кіші бұзақылық, миграция, жанұялық дау-дамайлар сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар жұмыс уақытынан тыс мезгілде қарау үшін «түнгі сот» жобасы барлық аймақтарда қызу талқылануда. Бұл жоба бойынша соттар сағат 08:30 бен 22:00 аралығында аталған құқық бұзушылықтары өздері қалаған жағдай да ғана түнгі сотта қарауына мүмкіндік бар. Бұл жоба жол жүру ережелері бұзылған жағдай да ол жайында хаттама толтырылғаннан кейін сотта түнгі уақытта да қарай берілуі өте тиімді деп ойлаймын. «Түнгі сот» жобасы США да және Сингапур да қолданылатынын айта кету керек.

         Жоғары да аталған жобалардың сот билігінің ашықтығы мен қол жетімділігіне, халықтың сот билігіне деген сенімін арттыруға және де сот жүйесін толығымен цифрландыруға бағытталған.


Астана қаласы Есіл ауданының
№2 аудандық сотынының бас маманы                                     

М.Б. Балабай

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив