Электронды сот төрелігі

Электронды сот төрелігі

Билік айту оңай болғанымен, біліп айтудың қиын екендігін ескерген тұрғындар дауды шешу үшін қазіргі заманның билері – судьяларға жүгінуде.

Жедел ақпарат алмасудың озық технологиясы дамыған ХХІ ғасырда сотқа жүгінудің инновациялық тәсілдері іске қосылды. Республика соттарында ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданудың нәтижесінде бұқараның басым бөлігі қағазбастылық пен соттардағы ұзын-сонар кезектен арылып, үйлерінен шықпай-ақ сот төрелігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи жобалардың игілігін көріп отыр.

Ең алдымен, бұл игі бастаманы Мемлекет басшысы судьялардың VI-съезінде көтерген болатын. Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында елімізде жүйелі жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде еліміздің барлық соттарында арызды беру және тіркеу сатысынан бастап, заңды күшіне енген сот актісін орындауға жібергенге дейін сот ісін жүргізу процесі түгелдей дерлік электронды форматқа көшірілді.

Республикадағы барлық соттардың қызметі туралы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ақпарат ұсынатын Жоғарғы Соттың www.sud.gov.kz ресми веб-сайты азаматтардың сот қызметін электронды сервис арқылы алуына оңтайлы мүмкіндік туғызды. Осы сервистің арқасында электронды цифрлық қолтаңбаға ие азаматтар қазіргі таңда үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа талап арыз, шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап арызды электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге болады.

Қорыта айтқанда, электронды сот төрелігін дамыту бойынша Жоғарғы Соттың бүгінгі ілкімді бастамаларының келешегі зор және бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Елбасы Жолдауы негізінде іске асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мазмұнымен толық үйлесім тауып отыр.

 

Мұғалжар ауданының №2

аудандық сотының кеңсе жетекші маманы:                                      

М.Е.Кунаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив