Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың қолданылуы

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың қолданылуы

«Сот кабинеті» - бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат алуға арналған біріңғай терезе. Ол арқылы азаматқа, оның өкілі немесе адвокатқа өзіне қолайлы кез-келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы арызды (өтінішті), шағым және наразылықты электрондық түрде жолдауға, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге, сот құжатын, сондай-ақ істің статусын көруге және сот актісінің көшірмесін басып шығарып алуға, сонымен қатар процессуалдық мерзімдерді қадағалауға мүмкіндік берілген.

 «Сот құжаттарымен танысу» сервисі сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін электрондық сот құжаттарымен танысуға арналған.

Сонымен қатар, сот жүйесіне «Гибридті электрондық пошта» енгізілді.

Тапсырыс бойынша гибридті жөнелтілімдер технологиясын қолдану кезінде жергілікті соттардан жолдауға арналған ақпарат (сотқа шақыру қағазы) пошта байланысы бөлімшесіне электрондық түрде жолданады, «Қазпошта» АҚ жағында қағазға басылып, пошталық конвертке буып-түйіліп, соңғы адресатқа жеткізіледі. Бұл ретте жеткізілу немесе жеткізілудің мүмкін еместігі туралы статустар «Төрелік» ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізеді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің максималды ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді.

Сот жүйесі үшін бұл – сот төрелігін іске асыру үрдісін жеңілдету, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және автоматтандыру, ақпараттық технологияларды дамыту, бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады

 

Мұғалжар ауданының

№2 аудандық сотының

кеңсе бас маманы

Г.Джанглышбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив