Сот жүйесіндегі күрделі реформалар

Сот жүйесіндегі күрделі реформалар

Соңғы жылдардарда біз жалпы мемлекеттік қызметте, соның ішінде сот жүйесінде күрделі реформалардың куәсы болып келеміз және мен, әрбір мемлекеттік қызметші сияқты, түрлі мәліметтер жүйелеріне жаңа электронды бағдарламалар енуімен кездесіп жүрмін. Мен үшін осындай жаңашылдық ретінде еліміздің сот жүйесінде 2006 жылы енгізілген Қазақстан Республикасының сот органдарының бірыңғай ақпараттық талдау жүйесін атап өтуге болады. Бұл жүйе тек сот қызметкерлерінің ғана емес, жалпы сот төрелігі атқару бойынша қызмет пайдаланушылардың өзіндік электрондық көмекшісі болды деп айтсақ да болады.

Сол кезеңде бұл бағдарламаға жалпыға қолжетідімілік пен ашықтық мәселесін шешу міндеті жүктелді. Себебі, бұрынғы жылдары мемлекетпен жүзеге асырылып жатқан реформалардың жабықтығы мен қоғам алдында жауаптылығының төмендігіне сыни пікірлер көп айтылушы еді. Соңынан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мемлекеттік қызмет пайдаланушының іс жүзінде қатысуынсыз өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруларына мүмкіндік беретін «Төрелік» ақпараттық жүйесі мен «Сот кабинеті» сервисі жасақталып, іске қосылды.

Сөйтіп, бұл бағдарламалар мемлекеттік қызметшінің жұмысына елеулі қолғабыс болды және көмегін тиігізіп келеді. Себебі, олар арқылы қағазсыз құжат айналымы жүзеге асырылады және бұл өз кезегінде бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың туындауына себеп болатын жағдайлардың бірі – іс жүргізуден тыс қатынастарға жол бермейді. Әрбір процеске қатысушы бағдарламаның сайтын пайдалану арқылы сот мамандарына жүгінбей-ақ істің қозғалысымен, өзіне қатысты сот актісін көріп, таныса алады.

Сот жүйесінің жоғарғы басшылығымен аталған бағдарламаларды жасақтауы өз кезегінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылы жариялаған «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасын орындаумен байланысты. Елбасымыз «Мемлекеттік қызметкерлер күнделікті және екінші кезекті мәселелерді шешуге алаңдамай, үнемі өз алдарында стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды қойып отырулары қажет» деп атап өткен болатын. Күні бүгінге дейін біздің басымдылықтарымыз ретінде халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, жүйелерді, соның ішінде жоғарыда аталған электрондық мәліметтер базаларын одан әрі жетілдіру болып табылады.

Осы орайда 2030 стратегиясы 2013 жылы толық орындалғанын атап өту қажет және бұл өз кезегінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа стратегиясын жасақтауға түрткі болды. Қазақстан әлемнің дамыған 50 экономикаларының қатарына енді. Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметке кіру процедурасы жаңартылды, қызметке кіру ендігі уақытта ең төменгі лауазымдардан басталады, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің рөлі күшейтілді, сынақ мерзімі, еңбек ақыны жұмыс нәтижесіне байланысты төлеу жүйесіне енгізілді, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданды.

Бұл тұрғыда сот жүйесі «5 институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлты жоспарын жүйелі түрде іске асыра отырып, заңның басымдылығын қамтамасыз ету бөлігінде ауқымды жұмыс атқарды.

Атап айтқанда, сот мәжіліс залдары 100 пайызға дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен жабдықталды және бұндай жағдай көршілес елдерде кездеспейді. Бес сатылы сот төрелігі жүйесі жаңартылып, үш сатылы жүйеге ауыстырылды. Судья лауазымына біліктілік талаптары мен таңдау механизмі күшейтілді. Оқыту процессі мен тәжірибенің өзара байланысын күшейту мақсатында мемлекеттік басқару академиясынан сот төрелігі институты бөлек шығарылды. Қазақстан Республикасының 7-съезінде жаңа этикалық кодекс жасақталып, қабылданды. Қылмыстық істердің кейбір санаттарын қосу арқылы, заң шығарушылық реттеу жолымен алқабилер сотының сот төрелегін жүзеге асыру аясы кеңейтілді. Барлық тергеу әрекеттерін санкциялау бойынша өкілеттілікті тергеу судьяларына беру арқылы айыптау мен қорғау жақтарының тепе-теңдігі қамтамасыз етілді. Жоғарғы Сотта инвестициялық даулар жөніндегі алқа, халықаралық арбитраждық орталық құрылды. Қазақстандық қоғам заман талабына сай жарқын болашақ үшін өзінің көзқарастарын өзгертуге дайын екенін көрсетті.

Өзін өзі дамыту – биік шыңдарға жетудің бірден бір жолдардың бірі екені белгілі. Талпыныс болмаса еш нәрсе өздігінен керемет жұмыс жасап кетпейтіні бесенеден белгілі. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы да сол сияқты оның қалыптасуына ықпал ететін көптеген факторларға байланысты. Осы тұрғыдан алғанда «бюрократия қамытын киген» мемлекеттік басқару жүйесіне де сын айтушылар кездесіп жатады. Басым көпшілік жағдайларда бұндай пікірді қалыптасып қалған дағдымен өмір сүретін, жаңашылдық жақтырмайтын, жүйенің жұмыс жасау тетіктерінен хабарсыз адамдар ғана білдіріп жатады.

Үнемі ұқыптылықпен жұмыс жасау, мемлекеттік қызметші этикасын сақтау, жақсы ұстаздар, өзін өзі дамыту, әрбір мемлекеттік қызметшінің өзара қарым қатынасқа ұмтылуы – бұның бәрі мемлекеттік қызметтің билік институты ретінде қалыптасуына оң ықпалын тигізеді.

Алайда, мейлі мемлекеттік сектор болсын, мейлі жеке сектор болсын, өзін өзін дұрыс танымау мен көзқарастарды заман талабына сай өзгертуден, өмірдің жаңа замануи үрдістерін қабылдаудан бас тарту - жұмысқа тұсау болатын ең басты факторлардың бірі. Мемлекеттік қызметтің дамуына тек бір ғана мемлекеттік қызметшілердің әрекеттері жеткіліксіз, бұл жұмысқа өз деңгейінде барлық қоғам белсенді қатысуы тиіс. Осы мақсаттарда Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Соттарды сыртқы бағалау» жаңа сервисі ашылды. Бұл сервис сауалнама жүргізу арқылы сот жұмысын бағалаудың және тұрғындардың сенім көрсеткішін анықтауға арналған оның ашықтығын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету үшін жасақталған жүйелі құрал болып табылады. Бұл жағдайда сауалнама респонденті ретінде «кездейсоқ өтіп бара жатқан адам» емес, іс бойынша тараптар, яғни көтеріліп жатқан мәселенің анық-қанығын білетін адвокаттар, талапкерлер, жауапкерлер, эксперттер қатысады. Сауалнама нәтижелері алдағы уақытта Сот Жюриімен судьялардың кәсіби жұмысын бағалауда қолданылатын болады. Жобаның мақсаты – қоғамдық пікірдің объективті жағдайын анықтау және бұл, менің пікірімше, мемлекеттік аппараттың өзін өзі дамыту мен жұмыстың нәтижелерін жақсартуға бағытталған қосымша құралы болады.

Сондықтан, бұл жаңаша бастаманы барлық жерде қолдану қажет. Сонда ғана қандай да бір мәселені шешу барысында әрбір құрылым арасында түсініспестікке, біржақтылыққа, кәсібисіздікке жол берілмейді, қай салаға қатыстылығына қарамастан барлығы жұмысқа деген, ортақ жұмысқа деген, ортақ идеяға деген жауапкершілікті сезінетін болады. Бұл жөнінде мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан болатын.

 Мен басшы ретінде қол астымдағы қызметкерлерге ең бірінші кезекте істің мән-жайын анық білуді, әрбір тапсырмаға назар аударуды үйретуге тырысамын. Бір мемлекеттік қызметшінің өзінің міндеттеріне жауапкершіліксіз селқос қарауы – бұл біздің қоғамымыздың дерті, ол дертпен әркім өз деңгейінде күресіп, эгоизм мен эгоцентризмді жеңу арқылы жарқын болашақ қалыптастыруға үлес қосуы қажет. Әрбір мемлекеттік қызметшінің рөлі өзін қоғам мүдделері құрбан болуында десек те болады. Осындай түсінік жаһандық бәсекелестік жағдайында мемлекеттік аппараттың, жалпы ұлттың тиімділігі мен функционалдығын арттырды.

Мен бізді тек жарқын болашақта ғана елестетемін. Қазақстандықтар өзінің күш-қуаты мен мүмкіндіктерін, өзінің жоғарғы даналығын сан мәрте көрсеткен болатын. Бұны әртүрлі мемлекет өкілдері мойындады. Біз жаһандық қоғам үлгі алатын әлемнің толыққанды азаматтары болуға құқылымыз.

 

Астана қаласының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының кеңсе меңгерушісі                                                         

Қ.Т.Омирова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

6 пікір

  1. аватар
    Deloris 26 сентября 2023 00:20

    I know this if off topic but I'm looking into
    starting my own weblog and was curious what all is required to
    get setup? I'm assuming having a blog like yours would
    cost a pretty penny? I'm not very internet savvy so I'm not 100% certain.
    Any tips or advice would be greatly appreciated. Appreciate it

    Here is my blog ... compra de viagra 25 mg en línea
    en Santiago

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив