«Алдындағының барлығын жайпаған толқындар әлі де көз алдымызда»: су тасқыны кезінде апталап қайықпен патрульдеуде болған СҚО полицейлері естеліктерімен бөлісті

«Алдындағының барлығын жайпаған толқындар әлі де көз алдымызда»: су тасқыны кезінде апталап қайықпен патрульдеуде болған СҚО полицейлері естеліктерімен бөлісті

https://youtube.com/shorts/tNtmQDIVpTA?feature=share

Петропавл қаласының Ойқала ауданы халық тығыз қоныстанған ірі ықшам аудан болып саналады. Биылғы көктемде бұл ауданды үлкен су басты. Полицейлер бұл ауданда құрғақ жерде ғана емес, терең су басқан көшелерде де құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті. Қазір қалыпты қызметке оралған тәртіп сақшылары қайыққа мініп патрульдеуден алған әсерлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Су тасқыны туралы құтқарушылардың, ауа райын болжаушылардың ақпаратына сүйенген Петропавл қ. полиция басқармасының басшылығы суда жүзу құралдарын алдын ала дайындап, ескекпен есе білетін және моторлы қайық жүргізуде тәжірибесі бар қызметкерлерді іріктеді.

«Менің әкем тәжірибелі балықшы болды. Әкемме бірге қайыққа мініп жүретінмін. Су үстінде өзімді қалай ұстауды бала кезімнен білемін», - дейді қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы Талғат Ауғалиев.

«Көлдер мен өзендерде суда жүзіп көргенмен, табиғат апатымен бетпе-бет келгенде басқаша күйде боласың», - деп бөлісті оның әріптесі кавалерист-полицей Нұрлан Қоқабаев.

Су басқан көшелерде жұмыс істеуге қатты ағыс кедергі келтірді. Әрі бұл өте қауіпті болды. 13 сәуір күні сағат 17.00 шамасында үлкен судың Ойқала ауданын әп-сәтте басқанын өз көзімен көргендер бұл апатты ешқашан ұмытпайды. Барлық шұғыл қызметтер бұл уақытта адамдарды эвакуациялап жатты. Полицейлерге құтқарушыларды да құтқаруға тура келді. Судың тез келіп қалғаны соншалық, ТЖ қызметкерлері кері бұрылып үлгермеген. Көлікті биік жерге шығарып, көмек шақыруға мәжбүр болған. Қатты ағыстың ішімен тәртіп сақшылары оларды қайықпен шығарып алды. Кейін мұндай сәттер көп болды. Құтқарушылар да полицейлерге көмекке келіп, бір-біріне көмектесті.

Бірнеше апта бойы Ойқала ауданы арқылы үлкен су өтіп үйлерді қиратты, маңайдағы қора-қопсыны шайып, өзімен ала кетті. Осы аумақта қайыққа мінген қызметкерлердің бірі моторға қарайласа,  екіншісі қайықтың тұмысығына отырып, ұзын таяқпен судың тереңдігін тексерді, алдындағы кедергілерді ысырып отырды.

«Мынадай алапат апатты бұрын көрмегендіктен басында қиындау болды, - дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Жақсылық Байбосынов. – Кейін үйреніп, ширақ қимылдай бастадық. Қалып қойған ит-мысықтарды шығара бастадық, үйлеріне өту үшін ТЖ қызметінен рұқсат алған адамдарды жеткізіп отырдық және су басқан ауданда бөгде адамдардың жүрмеуін қадағаладық. Қиын күндері тәуліктеп кезекшілікте болдық, кейін 12 сағат сайын ауысып отырдық».

Тәуліктеп кезекшілікте болған Жақсылық су басқан ауданда да, құрғақ көшелерге қайтып келіп те жұмыс істеген. Әсіресе, суық жел соққанда және жаңбыр жауғанда қиын болған. Өйткені полицейлер мен құтқарушылардың шағын қайықтарын тулаған толқындар аударып тастай жаздаған.

«Қауіпті сәттер, алдындағының барлығын жайпаған толқындар әлі де көз алдымызда, - дейді Жақсылық. – Қуанышқа орай, мұның бәрін еңсердік. Қиын күндер артта қалды. Барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер мен волонтерлар өздерінің жоғары кәсібилігін және осындай қауіпті жағдайларда қызмет атқаруға дайын екендігін көрсетті. Соның арқасында барлық қойылған міндеттер орындалды, су тасқыны кезінде бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері тіркелмеді».

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

20 пікір

  1. аватар
    Davida 28 июня 2024 12:53

    такси карапуз ульяновск подработка в новосибирске с ежедневной оплатой
    для женщин неофициально гаишник из стерлитамака
    аренда однокомнатсколько ехать на
    автобусе от джубги до сочи на
    автобусе
    я квартира екатеринбург уралмаш хилтон владикавказ
    адрес педант волгоград ремонт телефонов красноармейский

  2. аватар
    Shaun 5 сентября 2024 10:04

    гадание онлайн на картах таро расклад на
    три ослик приснился к
    чему
    арты расклад состоится ли поездка интересные факты
    про астероиды, лесков интересные факты
    приснилась большой подарок таро расклад на мужчину ютуб, гадание на будущее с мужчиной

  3. аватар
    Belle 10 сентября 2024 21:32

    западно алтайский заповедник климат, западно-алтайский заповедник
    особенности причины загрязнения воздуха, причины загрязнения воздуха
    в караганде үндістан пәкістан соғысы, үндістан мен пәкістан арасындағы қақтығыс зерде школа кызылорда вакансии, вакансии учитель английского языка кызылорда

    Stop by my web page дүние жүзі тарихы
    9 сынып тест жауаптарымен 1 тоқсан

  4. аватар
    Hai 11 сентября 2024 03:31

    какую надо читать молитву
    при проклятии снятся кривые зубы гороскоп мегаполис самара
    тест по картинкам какая вы мама,
    тест для мамы от сына почему первый ребенок
    похож на отца, что передается от отца к дочери

    Feel free to surf to my website :: знаки зодиака описание
    камень

  5. аватар
    Mahalia 15 сентября 2024 12:41

    күн сәулесі жерге қалай
    түседі слайд саяси шиеленістер мен дағдарыстарды
    шешудің мәні, саяси шиеленістер мен дағдарыстар презентация к чему
    снятся пчелы на теле, отмахиваться от пчел во сне соңғы
    жолдау тоқаев, тоқаевтың бүгінгі үндеуі

    my page: байтерек поэмасы кейіпкерлері

  6. аватар
    Nam 22 сентября 2024 03:00

    ең жас эра, палеозой эрасында болған тау
    түзілістері кушон миша белый, кушон миша желтый жеке спорт түрлерін гигиеналық қамтамасыз ету,
    дене шынықтыру және спорт тарихы дегеніміз не туыстық қарым қатынас мақал, туыс туралы цитата

    Here is my web blog - географиялық құбылыстар

  7. аватар
    Joleen 6 октября 2024 07:17

    ерке есмахан & force - аэропорт
    скачать, ам десең кілт берем скачать музыка
    bingo 37 pro, бинго 37 играть бесплатно ысык колду сагынуу чынгыз айтматов текст, чынгыз айтматов обондуу ырлар сколько стоит цветная распечатка
    а4, распечатка цена за лист

    My web blog: екі аяқты бір басты жүгіреді тым қатты

  8. аватар
    Jett 7 октября 2024 13:17

    гарантированная сумма депозита в казахстане 2022,
    фонд гарантирования депозитов сумма бала тәрбиесіндегі қағидалар, бала
    тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі дербес компьютер қашан пайда болды, дербес компьютерлік шиналардың қызметі қандай
    қуандық рахым все песни скачать бесплатно
    mp3, куандык рахым жана андери 2021
    скачать

    Also visit my homepage - өсімдіктердің паразиттері

  9. аватар
    Callum 8 октября 2024 07:50

    ядроның құрылысы, ядрошық қызметі казагрофинанс контакты, казагрофинанс
    лизинг трактор 19 ғасырдағы еуропалық саяси ойлар,
    20 ғасырдағы саяси ойлар тыныш тыныш аспан жылап жатыр, сені маған тәңірдің
    өзі сыйлаған текст

    My web blog: импульс сақталу заңы есептер

  10. аватар
    Claire 9 октября 2024 15:59

    дегидратор купить в казахстане, дегидратор
    технодом baileys 1л цена алматы,
    baileys ликер цена түсінде қуырылған балық көрсе, тусинде улкен балык корсе поджелудочная железа симптомы на коже, лимфодиссекция при раке
    поджелудочной железы

    Feel free to surf to my homepage; қазақстан мәдениеті

  11. аватар
    Hiram 15 октября 2024 07:55

    дүниетану пәні туралы тақпақтар, оқу білім туралы тақпақтар айраннан май
    алу, сүттен не жасауға болады рецепт карта караганды скачать,
    карта караганда жұрнақ арқылы жасалған сөздер тобын
    көрсетіңіз, туынды сөз жасайтын жұрнақтар

    Feel free to visit my homepage: үйде әлеуметтік қызмет көрсету түрлері

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив