Астана қаласының денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету ұйымдары көрсеткен қызметтер көлемі
2022 жылғы III тоқсанда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтермен көрсетілген ұйымдарымен, негізгі қызмет бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі 99752,7 млн. теңгені құрады, соның ішінде 62,8% бюджет есебінен, 21,6% - халықтан түскен қаражат есебінен, 15,6% - кәсіпорындар қаражаты есебінен орындалды.
Қызметтердің ең үлкен көлемі негізгі қызмет бойынша аурухана ұйымдарының қызметі саласындағы қызметтер есебінен қалыптасты, олармен 46217,8 млн. теңге (46,3%) сомасында қызмет көрсетілді. Денсаулық сақтау саласындағы өзге де аурухана қызметтері - 29077,5 млн. теңге (29,1%) сомасында қызмет көрсетті. Адам денсаулығын қорғау бойынша өзге де қызметтер - 21212,0 млн. тенге (21,3%). Жалпы дәрігерлік тәжірибе саласындығы қызметтері 16931,4 млн. теңге (17,0%) сомасында болды.
Қызметтің негізгі түрі бойынша қызметтердің ең аз көлемін ауруханалардың хирургия бөлімшелерінің қызметтері бойынша - 12385,0 млн. тенге (12,4%) сомасында, стомотологиялық қызметпен айналысатын ұйымдар - 7101,1 млн. теңге (7,1%) сомасында, мамандандырылған дәрігерлік тәжірибе саласындағы қызметтер көрсететін ұйымдар - 6500,5 млн. теңге (6,5%).
2022 жылғы III тоқсандағы қорытындысы бойынша негізгі қызмет түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемінің 44,2% мемлекеттік меншік ұйымдары, 54,6% жеке меншік ұйымдары және 1,3% шетелдік меншік ұйымдары ұсынды.
Есепті кезеңде негізгі қызмет түрі бойынша ірі кәсіпорындар ұсынған көрсетілген қызметтер көлемі 62743,8 млн. теңгені (62,9%), шағын кәсіпорындар – 27508,5 млн. теңгені (27,6%), және орта кәсіпорындар – 9500,5 млн. теңгені (9,5%) құрады.
[xfvalue_img]
30 пікір