Өз ісіне жауапты полиция майоры

Өз ісіне жауапты полиция майоры

Бүгінгі таңда кез келген мамандықта ерлер мен әйелдер қатар қызмет атқарып келеді. Бұның өзіндік артықшылықтары бар дейді СҚО  Мамлют ауданы полиция бөлімі штабының аға инспекторы Оксана Журавель. Өйткені әр жұмыста әйелдердің тиянақтылығы мен төзімділігі қажет.

Ол 2012 және 2021 жылдар аралығында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшесінде қызмет атқарған.

«Бұл қызметте адамның жан дүниесін түсініп, аяушылыққа үйренесің, - дейді Оксана. – Қолайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға жаным ашиды. Бірде отбасылардың бірінен 3 жастағы баланы алуға мәжбүр болдық. Пеш жағылмайтын үйде ата-анасының маскүнемдікке салынғанын көрген баланы аядым. Қорқып қалған бала «Сізге мама деп айтуға болады ма» деп сұрады. Әрине деп рұқсатымды бердім. Қазір туыстары баланы қамқорлығына алып, болашағын қызықты әрі жарқын етуге барын салып жатыр. Жақын арада мектепті аяқтайды, спортпен айналысып жүр».

Қазір Оксана аудандық полиция бөлімінің штабында қызмет атқарып жүр. Оның міндеттеріне талдау жасау, бөлімнің жұмысынын ұйымдастыру, бастықтың халықпен кездесулерін дайындау кіреді. Облыс орталығына жақын әрі халық тығыз қоныстанған ауданда бұл өте маңызды. ПБ бастығы полиция полковнигі Пёетр Климов мектептегі буллингтің, интернет-алаяқтықтың, нашақорлықтың алдын алу сияқты тақырыптардағы кездесулерді жиі өткізеді.

Оксана басқа балаларға көмектесіп жүргенде оның ұлы әжесінің тәрбиесінде болды. Оксананың жолдасы – учаскелік полиция инспекторы, өзі секілді үнемі жұмыста.

«Ұлымыз барлығын өзі істеп өсті, - дейді Оксана. – Оған музыка, әсіресе, рок ұнайды. Өзі топ құрды. Мен де музыканы сүйіп тыңдаймын. Бос уақытта бірге отырып, әңгіме-дүкен құрамыз».

8 наурыз қарсаңында полиция майоры Оксана Журавель барлық әйелдерді мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, отбасы бақытын, қызметте жоғары жетістіктерге жетуді, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүруді тілейді. 

Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив