Өскеменде 7 жастағы жоғалған бала саяжайдан табылды

Өскеменде 7 жастағы жоғалған бала саяжайдан табылды

7 жасар ұлы жоғалғаннан кейін анасы Өскемен қаласының Полиция басқармасына жүгінген. Тәртіп сақшылары баланы бақшалар қоғамдастық ауданынан тапты.

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде түнде сағат 22:02-де "102" жедел каналына жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түскен, ол 7 жасар ұлын іздеп көмек сұрады.

Анасының айтуынша, ұлы үйден шығып, сол беті үйіне оралмаған.

Кәмелетке толмағанның тұрған жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды.  Тәртіп сақшылары қандай да бір ақпаратты меңгере алатын таныстар мен куәгерлерден сауалнама алып, «Самал» дүкеніне іргелес жатқан аумақтарды: гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият аралап шықты. Аэропорт аумағын тексеру бойынша жұмыстар жүргізілді. Іздеу жұмыстары жаяу жүру тәртібімен де, қызметтік автомашиналарды пайдалану арқылы да жүзеге асырылды. Саяжай алқаптарына іргелес жатқан көп қабатты үйлердің шатырлары мен жертөлелері қаралды.

  • «Жоғалған баланы іздеуге Өскемен қаласы ПБ жеке құрамының

270-тен астам қызметкері қатысты. Адасып қалды деген оймен, тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баланы түні бойы іздеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгін таңертең кәмелетке толмаған баланы Өскемен қ. ПБ қызметкерлері полиция майоры Мақсат Смекенов пен полиция капитаны Сержан Ақпаев  саяжай қоғамдастықтарының бірінен тапты. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Үйіне аман-есен жеткізілді»,-деді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Табылған баланың анасы құқық қорғау органдарына және барлық қамқоршыларға кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектескені үшін үлкен алғыс білдіреді.

Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Joan 13 января 2024 12:36

    My partner and I absolutely love your blog and find most of
    your post's to be what precisely I'm looking for.
    Does one offer guest writers to write content available for you?
    I wouldn't mind publishing a post or elaborating on a number of the subjects
    you write regarding here. Again, awesome web site!

    Also visit my site Jefferson

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив