СҚО-да Республика күні қарсаңында полицейлер мен ардагерлер марапатталды

СҚО-да Республика күні қарсаңында полицейлер мен ардагерлер марапатталды

(видео: https://youtu.be/rbIP9u0SaTs

Республика күні қарсаңында бірқатар солтүстікқазақстандық полицейлер мен ардагерлер марапатталды.

Ұлттық мерекеге орай отыздан астам полиция қызметкері жұмыстағы жетістіктері мен мінсіз қызметі үшін СҚО полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтың қолынан түрлі марапаттарға алды.

Марапатқа ие болғандардың қатарында СҚО ПД жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Қанат Оспанов болды. Республика күні қарсаңында тәжірибелі офицер мерзімінен бұрын «полиция полковнигі» арнайы атағын алды.

Облыстық полиция аппаратының тәжірибелі қызметкерлері СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Самат Базылов пен СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев та мерзімінен бұрын «полиция подполковнигі» шендеріне ие болды. Сондай-ақ полиция подполковнигі шені Шал ақын ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Гүлжан Смағұловаға да берілді. Басқа қызметкерлер мерейтойлық медальдармен, төсбелгілермен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Олардың арасында ішкі істер органдарының ардагерлері Әбжат Темешев, Төкен Сәдуақасов, Любовь Осинская мен т.б. бар. СҚО әкімінің Құрмет грамотасын Ақжар ауданы полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының аға криминалисі полиция майоры Мереке Жетібаев алды. Бұдан бөлек, СҚО полиция департаментінің алғыс хатымен полиция қызметкерлерінің ата-аналары Бөпежан Мәжитова, Анара Жұмабаева, Күләйім Ғабдуллина марапатталды.

Салтанатты жиын СҚО ПД мәдени орталығы мен қаланың шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.

25 қазан күні облыс полицейлері өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күшейтілген түрде қызмет атқарады. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив