Солтүстікқазақстандық полиция бастығы жеті офицерге кезекті шендерін табыстады

Солтүстікқазақстандық полиция бастығы жеті офицерге кезекті шендерін табыстады

Облыстық полиция Департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев өңірдің қоғамдық тәртібі мен жол қауіпсіздігін сақтауға кезекшілікке түсетін полицияның кешендік күштерінің гарнизондық таратылуын өткізді. Салтанатты түрде бірқатар қызметкерлер кезекті арнайы шендерін алса, бір қызметкердің омырауы тағы бір медальмен толықты.

Марапатталғандардың қатарында департамент Штабының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Руслан Жаров бар. Ол ішкі істер органдарында 2001 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. 2009 жылға дейін учаскелік полиция инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, кезекші бөлімнің қызметкері болып қызмет атқарған. 2017 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейін облыстық Полиция департаментінің Штабында қызметте. Бүгін ол облыстың бас полицейінің қолынан «полиция подполковнигі» шенін алды. Сондай-ақ, қызмет орындарына тарату барысында тағы алты офицер кезекті шендерін иықтарына тақты. Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығы кезекші бөлімі кезекшісінің тәжірибелі көмекшісі полиция старшинасы Андрей Коржов «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері» медалімен марапатталды.

Бұдан бөлек, полиция генерал-майоры Марат Төлебаев тәртіп сақшыларының киім киісі мен қызмет өткеруге әзірліктерін тексерді.

Облыс орталығында күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге патрульдік полиция батальоны, учаскелік инспекторлар, облыстық және қалалық полиция аппаратының, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен құралған ондаған жаяу жасақтар мен автопатрульдер шығады.

Марат Төлебаев полицейлер қылмыскерлер мен құқық бұзушыларды ұстау кезінде жедел және кәсіби әрекеттерге, түрлі жағдайларға тап болған тұрғындарға көмек көрсетуге дайын болуы қажет екенін атап кетті.

Гарнизондық тарату салтанатты маршпен аяқталып, сақшылар мен әскери қызметшілер қызмет атқару орындарына тарқасты.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Lorri 26 августа 2023 13:19

    Great site. Lots of useful information here. I am sending it to
    a few pals ans also sharing in delicious. And of course, thanks for your effort!


    my web blog - Mavis

  2. аватар
    Joseph 28 декабря 2023 03:47

    Howdy! Quick question that's totally off topic. Do you
    know how to make your site mobile friendly? My site looks weird when viewing from my apple
    iphone. I'm trying to find a theme or plugin that might be able to correct this
    problem. If you have any recommendations, please share. Thanks!


    Also visit my homepage ... Finds Open Arms in

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив