“STOP-трафик”: операцияның үш күнінде адам саудасына байланысты 47 қылмыс анықталды

“STOP-трафик”: операцияның үш күнінде адам саудасына байланысты 47 қылмыс анықталды

Адам саудасы және онымен тең келетін еңбекті қанау – адам құқығын бұзатын өзекті проблема. Бұл мәселе әлем елдерінде ғана емес, Қазақстанда да алаңдаушылық тудырады.

ІІМ осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, мәжбүрлі еңбекті анықтау үшін шаруа, фермер қожалықтары, құрылыс объектілері, жыныстық пайдалану фактілерінің жолын кесу үшін монша кешендері мен қонақ үйлер тексеріліп, интернет желісі де бақыланады.

Ел аумағында ішкі істер органдарының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері өткен аптада “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Операцияның үш күнінде полицейлер адам саудасына байланысты 47 қылмысты анықтады. Оның ішінде:

  • жұмысқа жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі;
  • адам саудасының 10 фактісі, оның ішінде 5 дерек кәмелетке толмағандарға қатысты;
  • жезөкшелікпен айналысуға тартудың 7 фактісі, оның ішінде 3 дерек кәмелетке толмағандарға қатысты;
  • притон ұстау мен жеңгетайлықтың 27 фактісі.

Жезөкшелікпен айналысуға үй-жайлар бергені және жеңгетайлық үшін 30 әкімшілік құқық бұзушылық, сонымен қатар қоғамдық орындарда тиісу фактісі бойынша 453 құқық бұзушылық тіркелді.

Мәселен, Алматы облысында кәмелетке толмағанды саудалау фактісі анықталды. Облыстың 39 жастағы тұрғыны өзінің жаңа туған ұлын сатып жібергені белгілі болды. Бұл дерек 2021 жылдың желтоқсанында орын алған. Әйел баласын ерлі-зайыпты жұпқа заңсыз асырап алу мақсатында жарты миллион теңгеге сатқан.

Қарағанды облысында еңбекке еріксіз жегу фактісі анықталды. Шаруа қожалығының басшысы бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылықпен, сондай-ақ өзіне қарыз екенін пайдаланып, 52 және 30 жастағы екі тұрғынды жұмысқа салған.

Ер адамдар үй шаруашылығымен, техниканы жөндеумен және мал күтімімен айналысуға мәжбүр болған. Қашуға тырысқанда олар қожалыққа қайта қайтарылып, жазаланып отырған. Шаруа қожалығына жақын трасса 65 шақырым жерде орналасқан.

Қазіргі уақытта еңбекке еріксіз жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Жәбірленушілерге қажетті көмек көрсетілуде.

Қостанай облысында 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды, ол бір ай бойы алдау және бопсалау жолымен колледжде оқитын қызды жезөкшелікпен айналысуға тартып, оны жалдамалы пәтерлерде клиенттермен жолықтырып отырған.

Жәбірленуші туыстарына тапсырылды. Қылмыстық кодекстің 134-бабы “Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Адам саудасының алдын алу аясында Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында көшелерде ақпараттық билбордтар орнатылды, сондай-ақ вокзал маңындағы алаңда, базарларда және басқа да қоғамдық орындарда буклеттер, брошюралар, үлестірме материалдар таратылды.

Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ұлытау облыстарында көшелер мен кинотеатрларда адам саудасына қарсы күрес бойынша сенім телефонының “116 16” нөмірімен әлеуметтік роликтер көрсетілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив