СҚО полицейлері «Stop трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Stop трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның мақсаты – адам саудасымен, жұмыс күші және сексуалдық мақсатта пайдаланумен байланысты қылмыстарды ашуға және олардың жолын кесуге бағытталған. Тәртіп сақшылары облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарында, моншалар мен қонақ үй кешендерінде рейдтік іс-шаралар өткізді. Аудандарда фермерлік және шаруа қожалықтары тексерілді.
«Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Петропавл қаласындағы сауналардың бірінде жеңгетайлық фактісі анықталды», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Сондай-ақ іс-шара өткен уақытта ақшалай сыйақы үшін интимдік сипаттағы қызметтер көрсететін 15 әйел ақпараттық есепке қойылды. Қайыршылық үшін 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау және ашу СҚО Полиция департаменті басшылығының бақылауында».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
19 пікір