СҚО полиция басшылығы патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен кездесу өткізді

СҚО полиция басшылығы патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен кездесу өткізді

Заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау, қызметтік міндеттерін адал орындау. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен кездесу өткізді. СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлова және кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Әбілғазы Ғабдуллин күн сайын жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шебінде жүрген инспекторлармен кездесті.

Жеке құрамға ел полицейлерінің тәртіпті сақтау жағдайы туралы ақпарат жеткізілді, құқық бұзушылық жасағаны үшін төнетін жауапкершілік түсіндірілді. Ішкі істер министрлігі мен полиция департаменті басшылығының талабы болып табылатын тәртіп пен заңдылықтың сөзсіз сақталуына назар аударылды.

Патрульдік полицейлер барлық дабыл қоңырауларына бірінші болып келеді. Өрт кезінде, су айдындарында адамдардың өмірін сақтап қалғаны үшін берілген "Ерлігі үшін" мемлекеттік наградалары бар офицерлердің көпшілігі патрульдік полиция қатарында қызмет етеді. Батальон қызметкерлері күн сайын әртүрлі жастағы және әлеуметтік мәртебедегі адамдармен тығыз жұмыс жасайды; көшелердегі қоғамдық тәртіпті сақтау және автопатрульдер құрамында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады. Полицияның жалпы имиджі - олардың адал қызметі мен тәртібіне тікелей байланысты.

Бұған дейін тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алу және қызметкерлер тарапынан құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндіру бойынша осындай кездесуді полиция полковнигі Сәуле Андағұлова Петропавл қаласы полиция басқармасының жеке құрамымен өткізген болатын.

СҚО ПД еске салады: полиция қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы әрекеттердің немесе қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаудың барлық фактілері бойынша СҚО тұрғындары мен қонақтары СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының 8 (7152) 61-26-89; +7-700-161-26-89 (WhatsApp) сенім телефондарына немесе оқиға болған күнді, орынды және жағдайларды көрсете отырып, 102 арнасына тікелей жүгіне алады. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив