Жамбылда

Жамбылда "Полиция барысы" анықталды

Бүгін «Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысы полиция қызметкерлерінің арасындағы қазақ күресінен «Полиция барысы» турнирi өз мәресіне жетті.

Жарыс қортындысында сөз алған облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин қатысушыларды құттықтап, алдағы үлкен сайысқа сәттілік тіледі.

- «Полиция Барысы» - қызметкерлерді рухани нығайтып, ұлттық спортымызды дәріптейтін ауқымды іс-шара. Біздің қызметкерлеріміз қашанда лайықты өнер көрсетіп, үлкен додаларда жүлделі орындардан көрініп жүр. Сондықтан, алдағы уақытта да тек жеңіс тұғырынан көрінетінімізге сенімдімін,-деді полиция генерал-майоры.

Екi күнге жалғасқан жекпе-жектi Бейбіт Ыстыбаев, Ақжүрек Таңатаров сынды чемпиондармен бiрге, Қазақстан Республикасы қазақ күресiнен еңбек сіңірген белгілі жаттықтырушылар тамашалап, төрелiк жасады.

Нәтижесінде турнирдiң қола жүлдеci

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерi Галиакпаров Бахытқа бұйырса,

күміс жүлдесiн осы жасақтың тағы бiр қызметкерi Әділбеков Бегімхан иеленді.

Ал 90-ға жуық полиция палуаны бақ сынаған күресте Оқу-жаттығу взводынан қатысқан Махмутов Ерлан «Полиция барысы» атанып, алтын белбеудi белiне байлады.

Сондай-ақ, үздік өнер көрсеткен жарысқа қатысушылар салмақ дәрежесі және командалық есеп бойынша да марапатталды.

Сонымен, командалық есепте жүлделі үшінші орын

ПД Патрульдік полиция батальоны командасына бұйырса, екінші орынға Қордай аудандық полиция бөлімінің  командасы лайық деп танылды. Ал бірінші орынды Тараз қаласы Полиция басқармасының командасы жеңіп алды.

Жеңiмпаздар ПД дипломдары, медальдерi, кубоктарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив