Петропавл полицейлері халық алдында есеп берді

Петропавл полицейлері халық алдында есеп берді

Петропавл полицейлері халық алдында есеп берді. Қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин 2022 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша есептік кездесуі өткізді. Оған қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин, зейнеткерлер, жұртшылық қатысты.

Петропавл қаласының полиция басқармасы өңірдің ең ірі полиция бөлінісі болып табылады. Оның қызметкерлері күн сайын қылмыспен күресте алғы шепте жүреді, облыс орталығында жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

12 айда «өткен жылдар» санатындағы 60 қылмыс ашылды, 41 қылмыскер ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 16 азаматтың жүрген жері анықталды.

Өткен жылы 199 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 244 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін 5200-ден астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан құрамында спирт бар 17 мың литрден астам алкоголь алынды.

Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, жеке құрам қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Дегенмен, электрондық төлемдер және онлайн-дүкендермен бірге ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын алаяқтық түрлері де ілгері басуда. Бір жыл ішінде тіркелген алаяқтық фактілерінің саны – 818. Оның ішінде 657 факті интернет арқылы жасалған. Профилактикалық жұмыстар күн сайын, барлық жеке құрамның қатысуымен жүргізіледі. Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде өткен жылы 600-ден астам азамат интернет-алаяқтармен сөйлесуден бас тартып, қылмыстардың алдын алған.

Кездесуге қатысушыларды отбасылық жанжалқойларға қатысты қабылданатын шаралар, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу сияқты сұрақтар қызықтырды. Полицияның құзыретіне кіретін барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Кездесу соңында әкімнің орынбасары Асқар Хабибулин қала тұрғындарына интернет-алаяқтардың әдіс-айлаларынан сақ болуға шақырды. Сондай-ақ биылғы жылы құқықтық тәртіпті нығайту үшін қала орталығында қосымша учаскелік полиция пунктін пайдалануға беру туралы мәселе қаралатыны айтылды. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Ronny 1 сентября 2023 01:55

    Simply want to say your article is as amazing.
    The clarity in your post is just excellent and i can assume you are an expert on this subject.

    Fine with your permission let me to grab your RSS feed to keep
    updated with forthcoming post. Thanks a million and please carry
    on the enjoyable work.

    Feel free to visit my blog :: aristada en vente en Espagne

  2. аватар
    Darell 5 октября 2023 13:45

    Hey there just wanted to give you a brief heads up and let you
    know a few of the pictures aren't loading correctly.
    I'm not sure why but I think its a linking issue.

    I've tried it valtrex in België
    two different internet browsers and both show the same outcome.

  3. аватар
    Darren 7 декабря 2023 13:29

    Thank you for some other informative site. Where else
    may I am getting that type of information written in such a perfect manner?
    I've a project that I am simply now working on, and I have been on the glance out for such information.

    My page ... Blondell

  4. аватар
    Mohammad 6 февраля 2024 11:53

    Hi, I do believe this is a great blog. I stumbledupon it ;) I
    will revisit once again since I bookmarked it. Money and freedom is the best
    way to change, may you be rich and continue to help others.


    My homepage - Effie

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив