СҚО-да есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының  полицейлері бір жылдағы жұмысы туралы әлеуметтік желілер эфирінде есеп берді

СҚО-да есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері бір жылдағы жұмысы туралы әлеуметтік желілер эфирінде есеп берді

Солтүстік Қазақстан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткен жылғы жұмысты қорытындылады. Нәтижелері мен жоспарлары туралы есірткі күресушілері танымал әлеуметтік желілердегі қызметтік аккаунттарда тікелей эфир барысында хабардар етті.

"Рефлекс"," Паутина"," Дәрмек"," Транзит"," Қарасора " - жыл бойы полицейлер бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді. Жедел-іздестіру қызметімен қатар полицейлер, еріктілермен, педагогтармен және дәрігерлермен бірлесіп 600-ге жуық профилактикалық іс-шаралар жүргізді, іс-шараларды өткізу барысында 55 мыңнан астам адам қамтылды.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзидидің айтуынша, 2022 жылдың 12 айында 242 есірткі құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 121 теріс қылық және 121 қылмыс, оның ішінде 18 есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтау фактісі, 12 контрабанда фактісі және 90 есірткі заттарын өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 425 кг-нан астам түрлі есірткі, оның ішінде 3,5 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Статистикаға сәйкес СҚО - да 499 нашақор есепке алынған, оның 1-і кәмелетке толмаған. 139 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Эфир барысында облыстық және қалалық бейінді бөлімшелердің басшылары полиция подполковнигі Иван Терзиди мен полиция капитаны Жангелді Әпенов желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді. Пайдаланушыларды анонимді сенім телефондарының нөмірлері, тәркіленген есірткінің ең үлкен партиясы, насвай затының мәртебесі және т.б. қызықтырды. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді. Петропавл қ. ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы полиция капитаны Жангелді Әпенов атап өткендей, есірткі күресшілері еріктілермен бірлесіп әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізіп отырады, дегенмен полицейлер бей-жай қарамайтын барлық желі қолданушыларын Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ресми аккаунттарына жеке хабарламаларына сілтемелер мен скриншоттарды жіберуге шақырады. Полицейлер атап өткендей, есірткі таратқаны үшін жаза күшейтілген. Бүгінгі таңда есірткіні сатқаны үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделген.

Эфир соңында полицейлер балалардың ата-аналарынан балаларының ұялы телефондарын тексеруді, олармен ашық сөйлесуді және нашақорлық мәселесі туралы айтудан қорықпауға шақырды. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/ru/v-sko-narkopolitsejskie-otchitalis-o-rabote-za-god-v-efire-sotssetej/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив