Есептегі азаматтар  арасында спорттық жарыс өтті

Есептегі азаматтар арасында спорттық жарыс өтті

Байқоңыр қалалық пробация қызметі мен «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлері: қол күресі, асық ату, гір тасын көтеру және арқан тартудан спорттық шара өтті.

Сотталғандар арасында спорт түрлерін насихаттау және оларды спортқа баулу мақсатында өткізілген шараға 15сотталған қатысты.

 «Гір тасын көтеру» жарысында 32 кг. гір тасын 60 рет көтеріп, шашасына шаң жұқтырмаған С. есімді есептегі азамат  басқа қатысушылардан оза шауып, І орын алды. Спорттық жарыс одан әрі қыза түсті. Білектің мықтылығын сынайтын спорт түрі қол күрестен де 10 азамат қатысып, «Күш атасын танымас» демекші, нағыз білектіні анықтар бұл сайыста қатысушылар жеңіске жету жолында табандылық танытты. Сайыс қорытындысымен І орынды Т есімді сотталған алса, ІІ және ІІІ орынды Е және Ж. есімді азаматтар бөлісті. «Арқан тартудан» қатысушылар 2 командаға бөлініп, күші мығым «Қыран» командасы жеңіске жетті. Айтулы додада мықтыны анықтау өте қиынға түсті. Себебі, бұл жарысқа сотталғандар  тыңғылықты дайындалып келгендерін көрсетті.

Қызықты да тартысты өткен спорттық шараның әділ өтуіне аудандық Жастар ресустық орталығының мамандары  қазылық етті.

Жарыс нәтижесімен   жеңімпаздар дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 «Пробация есебіндегі азаматтармен түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып  тұрамыз. Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді.Салауатты өмір салтын ұстануға  бағытталған игі шаралар да алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» - деді Байқоңыр қалалық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы  әділет капитаны Е.Жақсылықов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Elisabeth 23 августа 2023 02:56

    It is the best time to make some plans for the future and it is time to
    be happy. I've read this post and if I could I desire to suggest you
    few interesting things or advice. Perhaps you could write next articles referring to this article.

    I desire to read more things about it!

    My web-site :: Ilene

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив