Жыл басынан СҚО-да 5 мыңнан астам жаяу жүргінші жол жүрісі қағидаларын бұзды

Жыл басынан СҚО-да 5 мыңнан астам жаяу жүргінші жол жүрісі қағидаларын бұзды

Уақыт үнемдеймін деп, өмірінен не денсаулығынан айырылуы мүмкін. Осы бір қарапайым ескертуді жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін барлық жаяу жүргіншілер естерінен шығармаған жөн. Бұдан бөлек, жол қозғалысының бұндай бұзушылығынан жүргізушілер кенеттен тоқтамақ болып, жолда апатты жағдайды жасауы мүмкін.  Әсіресе жолға жақын өсіп тұрған жасыл желектен немесе жол жиегінде тоқтап тұрған көліктердің арасынан жүгіріп шығу аса қауіпті.

Патрульдік полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отыра, осындай фактілерді болдырмау бойынша да жұмыс жүргізуде. Петропавлда облыс аудандарының бірінде тұратын 19 жастағы жігіт Еуразиялық базар маңында Е. Бөкетов көшесін рұқсат етілмеген жерден кесіп өткені үшін жауапқа тартылды. Айта кететіні, бұл жерде көлік қозғалысы қарқынды, бұған қарамастан қала тұрғындары өз өмірлерін қатерге тігіп, аталған жол учаскесін жиі кесіп өтеді. Полицейлер көлік бірден тоқтамайтынын және жүргізушілер кенеттен пайда болған адамды байқамай қалуы мүмкін екендігін еске салады. Мәселен, жуырда Караванная көшесін белгіленбеген жерден кесіп өткен қала тұрғыны зардап шекті. Қазіргі уақытта ол ауруханада.

«Жалпы 9 айдың ішінде облыс жолдарында жаяу жүргіншілерді қағып кетуге байланысты 49 жол-көлік оқиғасы орын алды, - деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Александр Розбах. – Жол-көлік оқиғалары салдарынан 7 адам қаза тауып, 51-і жарақат алды. Оның ішіндегі 21 жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің кесірінен болған. 33 жағдайда балалар зардап шеккенін атап өткен жөн. Балалар жолдағы жүріс-тұрысты ересектерден үйренеді. Ересектерді ережелерді бұзбай, жолда өздерін балаларға үлгі боларлықтай ұстауға шақырамыз».

 Жалпы жыл басынан СҚО-да ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша 5050 адам, оның 3113-і облыс орталығында жауапқа тартылды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив