Петропавл полицейлері 6 күннің ішінде Жол жүрісі ережелерінің 300-ге жуық бұзушылығын анықтады

Петропавл полицейлері 6 күннің ішінде Жол жүрісі ережелерінің 300-ге жуық бұзушылығын анықтады

Жылдамдықты асыру және қарсы бағытқа шығу, солға бұрылған кезде жаңылысу – осындай бұзушылықтар көп жағдайда жол-көлік оқиғаларының жасалуына себепші болып жатады. Жыл басынан СҚО-да орын алған 127 жол-көлік оқиғасынан 40-ында көліктер бетпе-бет соқтығысқан. Апаттылықты төмендету мақсатында, полицейлер жолда алдын алу жұмысын күшейтті. Шілденің 19-нан облыста «Қауіпсіз жол» акциясы өткізілуде. Басты мақсат – ауыр жол-көлік оқиғаларына алып келетін жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтау. 

          Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі басты назарда. Айта кететіні, жыл басынан облыста жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 33 фактісі орын алған, салдарынан 5 адам қаза тауып,  35-і жарақат алған. Демалыс кезінде көшеде балалар саны артады. Полицейлер жүргізушілерге жаяу жүргіншілер жолағы қасында, нашар көрінетін жол учаскелерінде аса сақ болу қажеттігі туралы еске салады.  Жаяу жүргіншілермен де профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуге болмайды. Жаяу жүргіншілер өткелінде көліктердің сізге жол беріп тұрғанына көз жеткізу қажет. Жол қозғалысының кішкентай қатысушылары ересектердің жүріс-тұрысына еліктейтіні туралы ұмытпаған жөн, бір кезде Жол жүрісі ережелерінің талаптарын елемеген болсаңыз, кейін бұл жолда қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. 

«Акция басталғалы тек облыс орталығының аумағында ғана жолда 278 түрлі құқық бұзушылықтар анықталды,  - дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах. Өрескел бұзушылықтардың қатарында – жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер тарапынан орын алған жол жүрісі ережелерінің 41 бұзушылығы, көлікті масаң күйде басқарудың 6  фактісі, жаяу жүргіншілерге жолда басымдық бермеудің 10 фактісі.      Сондай-ақ, көлікті басқарған кезде телефонды пайдаланғаны үшін 14 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жолдағы жағдай кенеттен өзгерген кезде рөлде телефонды пайдалану қауіп төндіруі мүмкін, бұны жүргізушілердің бірі білсе, бірі білмейді».

 «Қауіпсіз жол» акциясы тамыздың 18-не дейін жалғасады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив