Жоғалған 15 жасар жасөспірімді Өскемен полицейлері тапты

Жоғалған 15 жасар жасөспірімді Өскемен полицейлері тапты

Өскемен қаласының Полиция басқармасы полицейлерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында 10 қазанда үйден достарымен серуендеуге шыққан, бірақ қайтадан үйіне оралмаған 15 жасар жасөспірім табылды.

Ағымдағы жылдың 10 қазанында "102" жедел кпналына 52 жастағы ер адамнан қоңырау келіп түсті, ол 15 жасар ұлын іздеуге көмек сұрады.

Ер адамның айтуынша, оның 2007 жылы туған ұлы мектептен келген соң достарымен серуендеп келуді сұраған, бірақ ол қайтып үйіне оралмаған. Ер адам өз бетінше ұлын табуға тырысқан, бірақ нәтиже бермеді. Содан кейін мазасыз әке полициядан көмек сұрауға шешім қабылдаған.

Кәмелетке толмағанның орналасқан жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды.

Іздестіруге Өскемен қ. ПБ, БПП, Ертіс ОП қатарынан 102 қызметкер жұмылдырылды.

Красина кентінің көшелері: Полтавская, Предгорная, Қазақстан тауы, Шелехов, Ноғабай, Кожедуба, Милиция, Алтай, Буров, Новаторов, Л.Толстой, оның ішінде қараусыз қалған жеке үйлер, қараусыз қалған ғимараттар, жертөлелер, шатырлар, сондай-ақ скверлер, саябақтар, жастар жиналатын орындар, дәмханалар мен түнгі мекемелер қаралды. Аумақтарды тінту жаяу және қызметтік автокөліктерді пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Туыстарынан, достарынан, сыныптастарынан жауап алынды.

 "Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған баланы Өскемен қ.ПБ КПБ қызметкерлері Шмелев Лог ауданындағы гараждардың жанынан тапты. Кәмелетке толмаған бала достарымен сағат 18.00 шамасында кездескеннен кейін гараждарға барып, таңертеңге дейін сол жерде болғанын айтты. Ата-аналар ұрсады деп қорқып, үйге оралуға батылы бармаған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Үйге аман-есен жеткізілді",-деп түсіндірді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Табылған жас жігіттің ата-анасы құқық қорғау органдарына және барлық қамқоршыларға кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектескені үшін үлкен алғысын білдірді.

Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив