Өскемен полицейлері жоғалған 8 жасар баланы 2 сағат ішінде тапты

Өскемен полицейлері жоғалған 8 жасар баланы 2 сағат ішінде тапты

Өскемен қаласы Полиция басқармасы полицейлерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде аулаға шығып, үйіне оралмаған 8 жасар бала табылды.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде кешке "102" жедел арнасына жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті, ол өзінің 8 жасар немересін іздеп көмек сұрады. Әжесінің айтуынша, оның 2014 жылы туған немересі аулаға шығып, үйіне оралмаған.Кәмелетке толмағанның тұрған жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды.  Тәртіп сақшылары қандай да бір ақпаратты меңгере алатын таныстар мен куәгерлерден сауалнама алып, іргелес жатқан аумақтарды: гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият аралап шықты. Меновное кентінің аумағын тексеру бойынша жұмыстар жүргізілді. Іздеу жұмыстары жаяу жүру тәртібімен де, қызметтік автомашиналарды пайдалану арқылы да жүзеге асырылды. Саяжай алқаптарына іргелес жатқан көп қабатты үйлердің шатырлары мен жертөлелеріне тексеру жүргізілді. Жоғалған баланы іздеуге ПБ жеке құрамының 120-дан астам адамы қатысты. Сондай-ақ, іздеуге көршілер мен еріктілер қосылды.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған баланы Өскемен қ.ПБ қызметкерлері полиция капитаны Мамаев Арман Муфтиғазыұлы мен полиция лейтенанттары Айтмұхаш Тілек Айдынұлы және Жакупова Еркежан Асқарқызы тапты. Табылған бала аулада ойнауға шығып, кешке дейін ойнағанын айтты. Үйдің үлкендері ұрсады  деп ойлап, үйге оралмауға және  құрылыс үйде түнеуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Үйіне аман-есен жеткізілді",-деді Өскемен қалалық Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Табылған баланың әжесі құқық қорғау органдарына және барлық қамқоршыларға кәмелетке толмаған немересін іздеуге көмектескені үшін үлкен алғыс білдіреді.  

Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив