СҚО-да жыл басынан полицейлерге қатысты күш қолданудың 13 фактісі тіркелді

СҚО-да жыл басынан полицейлерге қатысты күш қолданудың 13 фактісі тіркелді

Петропавл полицейлері ерлі-зайыптыларды тыныштандыру кезінде қол кісендерін қолдануға мәжбүр болды.

Билік өкіліне қатысты күш қолдану – ауыр қылмыстық құқық бұзушылық, ол үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағдайлардың басым көпшілігі көбінесе полиция құқық бұзушылардың маскүнемдік әрекеттерін тоқтатып, оларды медициналық куәландыруға жеткізген кезде жасалады. Ішімдікті асыра сілтеген адамның әрекеттерінің салдары ауыр жәйттерге апарып соғуы мүмкін. Мысалы, маусым айында Петропавл полицейлері ерлі-зайыптыларды тыныштандырып, қол кісендерін қолдануға мәжбүр болды. Оқиға сағат 07:00 шамасында, қалалық дәмханалардың бірінің жанында болған. Әбден мас болған ер адамның қылығына полицияның әрекет етуі қажет болды. Ер адам медициналық куәландырудан өту туралы заңды талапты орындаудан бас тартты, ал әйелі полиция қызметкерінің білегінен тістеді.

«Екеуіне де қол кісендерін қолдануға тура келді, - дейді СҚО ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков. - Нәтижесінде 38 жастағы қала тұрғыны сотталды. Сот оның қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылып отырғанын ескеріп, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және осы мерзімге пробациялық бақылау орнатты. ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес, билік өкілдеріне қатысты өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін екенін есте ұстаған жөн».

Жыл басынан бері СҚО-да ҚР ҚК 380-бабы бойынша 13 факті тіркелді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив