Отбасы күніне орай Өскемен қ. ПБ басшылығы қызметкерлердің ата-аналары мен жас отбасыларын құттықтады

Отбасы күніне орай Өскемен қ. ПБ басшылығы қызметкерлердің ата-аналары мен жас отбасыларын құттықтады

Қазақстан Республикасында Отбасы күнін мерекелеуге орай Өскемен қаласы полиция басқармасының басшылығы ағымдағы жылы қызметте белсенді және қызметтік істерінің үздік нәтижелерін көрсеткен қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттар табыс етті.

Салтанатты мерекеде ата-аналар әр адамның өмірінде үлкен рөл атқаратыны атап өтілді. Балалардың жетістіктері - оларды лайықты және дұрыс тәрбиелеген ата-аналардың еңбегі.

"Отбасы әрқашан әр адамның тірегі және қолдауы ғана емес, сонымен қатар Ішкі істер органдарында қиын қызмет жолын таңдаған адам үшін сенімді тыл болып табылады. Балаларын лайықты тәрбиелеген ата-аналар заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне өз үлестерін қосуда", - деді Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Баяндинов.

Сондай-ақ, мерекеге орай Өскемен қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қатарынан жас отбасылар марапатталды.

"Отбасы - бұл ең үлкен бақыт. Бұл жаңа өмірдің бастауы және дәстүрлердің қасиеттілігін құрметтеу. Өскемен қаласы полиция басқармасының қабырғасында жас отбасылар пайда болып, қоғамға жаңа леп берушілер құрылғаны қуантады. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін", - деп атап өтті полиция полковнигі Марат Баяндинов.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив