Нұр-Сұлтан қаласының аудандық полицейлері «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында екі ұрыны әшкереледі

Нұр-Сұлтан қаласының аудандық полицейлері «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында екі ұрыны әшкереледі

Полицияның «102» пультіне сағат 18.41-де шыны пакеттерді орнатуға қатысты маманнан ұрлық фактісі бойынша арыз түскен. Қоңырау шалған азаматтың айтуынша, белгісіз біреулер Сауран көшесіндегі үйдің ауласынан құрал-саймандар салынған қара рюкзакты жасырын ұрлап кеткен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен осы учаскеге қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторы келген. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында «Есіл» ауданының ПБ УПП-38 учаскелік инспекторы полиция капитаны Мейірхан Әбітаев өзінің қырағылығының арқасында көрші тұрғын үй кешенінде күдіктілердің бірін байқап, ол туралы әріптестеріне хабарлаған. Содан кейін полицейлер 27 жастағы ұрыны «ізін суытпай» ұстады, ол сыбайласының орналасқан жерін айтып берген. Ол 25 жастағы құрылыс объектісінің жұмысшысы болып шықты, одан ұрланған рюкзак тәркіленді.

Күдіктілердің екеуі де жасырын ұрлық жасағанын мойындады. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, олардың елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Елордалық полиция департаменті құнды заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Еске сала кетейік, елордада 08 тамыз бен 08 қыркүйек аралығында қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 8 мыңнан астам тұрғын үй массиві араланды. Тұрғылықты жері бойынша ІІО есебінде тұрған 2 724 адам тексерілді.

6 500-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ұсақ бұзақылық үшін 638 азамат және мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 1 213 адам, тыныштықты бұзғаны үшін 744 адам жауапкершілікке тартылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив