Алаяқ солтүстікқазақстандықтарға «емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алуға болатынын» сендірген

Алаяқ солтүстікқазақстандықтарға «емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алуға болатынын» сендірген

Белгіленген рәсімдерді айналып өтіп, жүргізуші куәлігін сатып алу заңға қайшы келеді. Дегенмен, мұндай қадамға келісім беретін адамдар да кездесіп жатады. Бұны, өз кезегінде, алаяқтар құр жібермейтіні сөзсіз. СҚО мен Ақмола облысында 16 адам емтихан тапсырмай «жүргізуші куәлігін алуға болады» деген жалған уәдеге сеніп, ондаған мың теңгесінен айырылған. Шындығына келгенде, уәде етілген құжатты олар алмаған. Олардың біреуі – Тайынша ауданының тұрғыны полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде аудан полицейлері 34 жастағы Көкшетау қаласының тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында қамауда. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бүгінгі таңда қылмыстық істе 16 эпизод тіркелген.

«Зардап шеккендердің бірі күдіктімен интернетте автокөлік сату туралы хабарландыру бойынша байланысқа шығып, құжаттарды заңсыз әрі жылдам жолмен алу мүмкіндігі бар екенін айтқан, - деп тоқтала кетті аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Нұрлыжан Ақтанов. – Ауыл тұрғыны келісімін беріп, танысымен телефон нөмірлерімен алмасқан. Осылайша, адамнан адамға тарап, алаяқтықтық құрбандарының саны артқан. Келтірілген шығын сомасы 65 мың теңгеден басталады. Егер адамдар заңды айналып өтіп жатса, алаяқтардың бұрыннан қолданып келе жатқан айлаларына түсуі мүмкін. Заңнаманы қатаң сақтап, күмәнді ұсынысқа келісім бермеуді сұраймыз».

СҚО ПД баспасөз қызметі

Игорь Мерцалов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив